Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі АҚШ аймағында қайта құрылымдау қорытындысын заңды түрде ұдайы қорғауға ие болды

11.01.2011

Алматы, 11 қаңтар 2011 ж. – Бүгін БТА Банкі (бұдан кейін – «Банк) 2011 жылдың 6 қаңтарында АҚШ Соты (бұдан кейін – «АҚШ Соты») Нью-Йорктің Оңтүстік аймағындағы құқықтық өкілет негізінде орналасқан қаржылық дәрменсіздігі жөніндегі жұмыс бойынша «АҚШ сотының банкроттық жөніндегі жинағы» атты 15 Бабына сәйкес барлық сот ісінің аяқталуы жөнінде Банктің қолдаухатын мақұлдады, сондай-ақ Алматы қаласының Мамандандырылған қаржылық сотымен келісілген Банктің қайта құрылымдау Жоспарының шарттарын бұзатын АҚШ аймағында кез келген әрекетке байланысты мерзімсіз соттық тыйым шығарды (бұдан кейін – Тыйым).

Банк 2010 жылдың 2 наурызында АҚШ Соты БТА Банкінің қайта құрылымдауын АҚШ аймағында негізгі шетелдік өндіріс ретінде танығандығы жөнінде бұйрық шығарған болатын. Аталмыш бұйрық Банктің қайта құрылымдау үдерісі аяқталғанға дейін заңды түрде қорғауды қамтамасыз етті, сонымен қатар АҚШ аймағындағы Банкке немесе оның активтеріне қатысты кез келген сот процесін мерзімін кейінге қалдыруды ұсынды.

2011 жылдың 6 қаңтарындағы Тыйым бұл қорғанысты АҚШ аймағында кез келген Банктің немесе оның активтерінің борыштарын өндіріп алу әрекетін оқшаулай отырып, шектелмеген мерзімге дейін ұзартты. Сонымен қатар аталмыш Тыйым Банктің қайта құрылымдау Жоспарымен қарастырылған кез келген құқықтарды орындауға бөгет болмайды.

Соның нәтижесінде Тыйым, сондай-ақ 2010 жылдың 16 тамызындағы Англия мен Уэлстің Жоғарғы Әділеттік Сотының бұйрығы АҚШ және Ұлыбритания аймағында Банктің қайта құрылымдау қорытындысын ұдайы заңмен қорғалуын қамтамасыз етеді.

БАҚ байланыс телефондары:

тел. +7(727) 312 24 26, 261 89 28
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz