Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Алматы филиалы «АПОРТ» ОССО-да өз-өзіне қызмет көрсету орталығын ашты

26.01.2011

2011 жылдың қаңтарында Алматы қаласының батыс шекарасында орналасқан «Апорт» ойын-сауық – сауда орталығында БТА Банкінің жаңа интерактивті өз-өзіне қызмет көрсету орталығы ашылды. Мұнда жүзден астам кассалық операцияларға автоматтандырылған қол жеткізуді қамтамасыз етуші теңгелік және мультивалюталық банкоматтар, Cash&Pay төлем терминалдары орналасқан.

Алматы филиалының интерактивті өз-өзіне қызмет көрсету аймағында жүзеге асыруға болатын операциялар тізіміне кіретіндер: әр алуан қызметтерге төлем жасау, соның ішінде коммуналды қызмет, ұялы байланыс және стационарлы байланыс операторлары, кабельді теледидар, сақтандыру компаниялары және білім беру мекемелерінің қызметі үшін төлем жасау. Сондай-ақ, мұнда салықтар мен бюджетке төлемдердің барлық түрлерін төлеуге, әуе билеттері үшін төлем жасауға, банктік шоттарды толықтыру және БТА Банкі және микрокредиттік ұйымдардың пайдасына кредиттерді өтеу сияқты бірқатар банктік операцияларды жүргізуге болады. Сонымен қатар, бұл жерде теңге, еуро және АҚШ доллары сияқты валюталарды айырбастауға болады. Қызметтер мен қол жетімді операциялар тізімі ұдайы толықтырылады.

Егер өз-өзіне қызмет көрсету аймағына келушілерде сұрақтар туындайтын болса, оларға әрдайым БТА Банкінің өнімдері мен қызметтері туралы барлық қажетті кеңесті бере алатын кеңесші көмек көрсете алады.