Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі шикізаттық емес өнім экспорттаушыларын ынталандыруды мемлекеттік бағдарламасы аясында 2,5 млн. АҚШ доллары сомасында сауданы қаржыландыру мәмілесін қолдады

17.02.2011

Алматы, 17 ақпан 2011 ж. – БТА Банкі «ҚазЭкспортГарант» «Экспорттық кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ-мен (бұдан кейін - «ҚазЭкспортГарант») бірлесе қазақстандық шикізаттық емес өнім кәсіпорын-экспорттаушыларын қолдау Бағдарламасы аясында (бұдан кейін – Бағдарлама) аралық жұмыс қорытындысын хабарлады. Бағдарламаның 2010 жылдың желтоқсан айынан бастап жүзеге асырылғаннан бері БТА Банкі қазақстандық шикізаттық емес өнім кәсіпорын-экспорттаушылары мен олардың шетелдік серіктестерімен жасасқан жалпы 2,5 млн. АҚШ доллар сомасындағы 4 экспорттық мәмілені қолдады.

БТА Банкі Тәжікістан және Белорусья банктерінің қазақстандық өндірушілерден – Банк клиенттерінен ұн мен металлөнімдерін сатып алушылардың міндеттерін қамтамасыз ету үшін шығарған аккредитивтерін растап, қаржыландырды. Қаржыландыру эмитент-банктерге, яғни БТА-ның клиенттері үшін де және олардың өнімдерін сатып алушылары үшін де өте тартымды шарттардың негізінде ұсынылды.


Тимур Сабырбаев
БТА Банкінің басқарушы директоры

«Аталмыш бағдарлама бүгінгі таңда сөзсіз БТА Банкі үшін бәсекелестік артықшылығының белгісі болып табылады және маңызды жағрафиялық өтімділікті кеңейту мен жаңа нарыққа шығуға мүмкіндік беретін қазақстандық шикізаттық емес өнімнің экспорттаушылары үшін қолайлы механизм болып табылады. Сонымен қатар, бұл жалпылай ел экономикасын әртараптандыруға, оның шикізаттық бағыттан шығуына әсерін тигізеді. Өңделген қаржыландыру үлгісін жүзеге асыру БТА үшін де және біздің шетелдік банк-серіктестеріміз үшін өте маңызды».

Жоғарыда аталып өткендей, Бағдарлама ҚР 2010-2014 жылдарға арналған индустриялды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы (ЖИИДМБ) шарасының аясында жүзеге асырылады. Сондай-ақ Бағдарламаның негізгі мақсаттарының бірі қазақстандық өнімді жеңілдік шарттарымен сауданы қаржыландыруды ұсыну арқылы шетелдік сатып алушылардың сұранысын ынталандыру болып табылады.

Бағдарламаға қатысушы-банктер мен қызмет көрсетілетін экспорттаушыларға сауданы қаржыландыруға ұсынылатын қаражат көзін «ҚазЭкспортГарант» ұсынады. Соның негізінде экспорттық келісім-шарт негізінде бір салымның ең жоғарғы көлемі 150 млн. теңгені құрайды, орналастыру мерзімі – 12 айға дейін. Бағдарламаны жүзеге асыруда мемлекеттік «ҚазЭкспортГарант» бюджетінен 2011 жылға 3 млрд. теңге көлеміндегі қаржы бөлінді.

Мемлекеттік қолдаудың мақсаты шетел сатып алушыларының қазақстандық өнімді кредиттеуде және екі жақтың сыртқы экономикалық келісім-шарт міндеттерін орындамаудан сақтандыру болып табылады. Сатып алушылардың міндеттерін қамтамасыз ету қазақстандық экспорттаушыларының пайдасына олардың банктері шығарған құжаттамалық аккредативтер ретінде қызмет етеді. Соның негізінде экспорттық түсім экспорттаушының есептесу шотына түскеннен кейін жылдам БТА-ға тиелім құжаттарын ұсынғаннан кейін беріледі, ал қазақстандық тауарды сатып алушыға алынған тауарға кейінірек есеп айырысуға мүмкіндік беріледі.

Бағдарлама аясында сауданы қаржыландыру механизмі

Бағдарлама қарастырып отырған сауданы қаржыландыру механизмі барлық жақтың мәмілесі үшін өзара ынтымақтастық негізінде құрылған. Қазақстандық кәсіпорын-экспорттаушылары Бағдарламаға қатысуының арқасында өздерінің шетелдік сатып алушыларына экспорттық төлемнің тиімді шарттарын ұсынады. Бағдарламаға қатысу үшін қазақстандық шикізаттық емес кәсіпорын экспорттаушыларына БТА Банкінің немесе «ҚазЭкспортГарант»-тың кез келген бөлімшесіне жүгінуге болады.

БАҚ байланыс телефондары:

тел. +7(727) 312 28 47, 250 53 78
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz