Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Euromoney халықаралық іскерлік басылымы БТА Банкінің міндеттерін қайта құрылымдауды Орталық және Шығыс Еуропа елдері арасында 2010 жылдың мәмілесі ретінде мойындады

28.03.2011

Алматы, 28 наурыз 2011 ж. – Euromoney халықаралық іскерлік басылымы БТА Банкінің міндеттерін қайта құрылымдауды 2010 жылдың мәмілесі ретінде мойындады. Бұл жөнінде осы жылдың ақпан айында жарияланған басылым нөміріндегі Люси Фитцджордж-Паркердің «2010 жыл мәмілелері: Орталық және Шығыс Еуропа елдері арасындағы марапаттар»1  атты материалында хабарланды.

Басылым бұл мәміле дамушы нарықтағы корпоративті сектордың тарихындағы орасан зор қайта құрылымдау болғандығын атап көрсетеді. «Бір жарым жыл өткеннен соң екінші орында тұрған қазақстандық банк «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басшылығына берілгеннен кейін 2010 жылдың қыркүйегінде аяқталған 16,7 млрд. АҚШ доллар сомасын құрайтын БТА Банкінің міндеттерінің қайта құрылымдауының қиындығына 2010 жылғы жасалған мәмілелерінің кейбірі ғана теңесе алады», - деп атап көрсетті Euromoney.

Сондай-ақ, Euromoney өз материалында БТА-ның қайта құрылымдау келіссөздеріне тікелей қатысқан «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның арнайы кеңесшісі Марсия Фавале-Тартердің пікірін келтіреді. Фавале-Тартер ханымның пікірінше, Қазақстан батыл да шұғыл шешім қабылдаған озық та білгір өз басшыларының көрегендігінің арқасында банктерді қайта капиталдандыру мүмкіндігіне ие болды. «Үкімет пен оның командасының батылдығы мен олардың бір мақсатқа бағытталған саяси бірлігі мен білікті басшылығының, сонымен қатар шынайы әрі ашық түрде қайта құрылымдауды жүргізуге деген ұмтылыстың арқасында үлкен жетістікке қол жеткізілді», - деп атап өтті сарапшы.

Euromoney басылымы «Орталық және Шығыс Еуропа елдері арасында 2010 жыл мәмілесі» номинацияларының басқа жеңімпаздарының қатарында 1 млрд. юань сомасындағы (151,8 млн. АҚШ доллары) шығарылған ресейлік ВТБ Банкін және 1,5 млрд. АҚШ доллар сомасын құрайтын Lukoil International Finance облигациялары барлығын атап көрсетті.

БАҚ байланыс телефондары:

тел. +7(727) 312 28 47, 250 53 78
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz



  1 Euromoney журналы 2011 ж. 4 ақпанындағы нөмірі