Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Қазақстандық «FASTER» аударым жүйесі алыс шетелдерде өз географиясын кеңейтеді

31.03.2011

Енді «FASTER» клиенттері «IntelExpress» (Грузия) қызмет көрсету жүйесінің 1411 тармақтары бойынша Ұлыбританияға, Бельгияға, Италияға, Израильге, Румынияға, Түркияға, Германияға, Швейцарияға, Голландияға және Грецияға қаржы аударымдарын салу немесе алу мүмкіндігіне ие болды. Беріліп отырған мүмкіндік қазақстандық «FASTER» және грузиялық «IntelExpress» аударымдар жүйесінің техникалық бірігуінің арқасында жүзеге асырылып отыр. Бұл жоба Қазақстан мен Грузия арасындағы экономикалық ынтымақтастығының байланысын біріктіріп, дамыту жүйесіне айналып отыр. «FASTER» жүйесі бойынша аударымдар тез арада, тиімді тарифтермен, электронды өтініш бойынша қаржыны салуды немесе алудың ықшамдалған үлгісімен және қаржы аударымдары бойынша ақпаратты қорғап, сақтауды кепілдендірумен ерекшеленеді.

«Faster» және «IntelExpress» бөлімшелерінің толық тізімін Сіз www.intelexpress.ge және www.bta.kz сайттарынан көре аласыз.

«FASTER» жүйесі туралы

2006 жылы «БТА Банкі» АҚ отандық банктердің арасында алғашқыларының бірі болып банктік шот ашпастан «Faster» жедел қаржы аударымдар жүйесін қолданысқа енгізді. Бүгінгі күні Қазақстан бойынша БТА Банктің 227 және Темірбанктің 116 бөлімшелерінде жылдам қаржы аударымдарын ресімдеуге болады.

«Faster» жедел қаржы аударымдары – бұл Қазақстаннан ТМД және алыс шетелдерге жылдам әрі ыңғайлы қаржы аудару тәсілі.