Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі өз тобындағы зейнетақы активтерін біріктірді

14.04.2011

Алматы, 14 сәуір 2011 ж. – «БТА Қазақстан» ЖЗҚ және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы «Жетісу»-дың (бұдан кейін – ЗАИБЖҰ) «ҰларҮміт» ЖЗҚ-на бірігуі жөніндегі шешім 2011 жылдың 14 сәуірінде Алматы қаласында өткен бірлескен жалпы акционерлер жиналысында қабылданды.

«БТА Қазақстан» ЖЗҚ мен «Жетісу» ЗАИБЖҰ-ның «ҰларҮміт» ЖЗҚ-на қосылуы 2 кезең бойынша: біріншісі – «БТА Қазақстан» ЖЗҚ-ның «ҰларҮміт» ЖЗҚ-на қосылуы, екіншісі - «Жетісу» ЗАИБЖҰ-ның «ҰларҮміт» ЖЗҚ-на қосылуы жоспарланған.

Акционерлер БТА тобының зейнетақы активтерін қайта ұйымдастыру, «БТА Қазақстан» ЖЗҚ, «Жетісу» ЗАИБЖҰ және «ҰларҮміт» ЖЗҚ акцияларының жүйесін, мерзімі мен сату/жүзеге асыру бағасы жөніндегі жоспарды бекітті.

БТА тобының ішінде зейнетақы активтерін қайта ұйымдастырудың нәтижесінде инвестициялық портфельдердің, меншікті капиталдар мен клиенттік базаның бірігуі жүзеге асады. Қайта ұйымдастырылған «ҰларҮміт» ЖЗҚ-ның (бұдан кейін – «Қор») нарықтағы үлесі 20%-ға дейін ұлғайып, қор зейнетақы активтерінің көлемі бойынша екінші орынды алады деген болжам бар. Қайта ұйымдастыру нәтижесінде қордың клиенттік базасы 1 866 мың салымшыға жуық есептелінеді.

«ҰларҮміт» ЖЗҚ қайта ұйымдастырылғаннан кейін өзіне үш компанияның: ауқымды инвестициялық басқару тәжірибесі, соның ішінде бағалы қағаздар нарығының жоғары құбылмалылығы жөніндегі шарттар, 140-қа жуық аймақтық өкілділіктен тұратын кең тараған дистрибуциялық желілерді, сондай-ақ таңдаулы кәсіби мамандардың артықшылығын жинақтайды.

Қайта ұйымдастырылған «ҰларҮміт» ЖЗҚ бұрында жасалған келісішарттардың барлық талаптарын сақтай отырып, толық көлемде өзінің құрамына енген ұйымдардың міндеттерін қабылдайды.

Қордың акционерлері мен менеджментінің жоспары клиенттерге қызмет көрсету сапасын жақсарту, жаңа аймақтық бөлімшелер мен өкілдіктерді, маркетингті зерттеу мен жоғары деңгейде салымшылардың қызығушылықтарын қанағаттандыру сияқты оңтайландырудан босатылған және әкімшілік шығындарды азайту үшін қорларды бағыттау болып отыр.

БАҚ байланыс телефондары:

тел. +7(727) 312 28 47, 250 53 78
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz