Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР

20.04.2011

Құрметті «БТА Банкі» АҚ (Қазақстан) акционерлері!

Сіздерге 2010 жылдың 01 қаңтарында қолданысқа енген Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік қызметтер туралы» Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 17 бабының 5 тармағына енгізілген өзгерістерге сәйкес, уәкiлеттi орган тiзбесiн белгiлейтiн оффшорлық аймақтарда тiркелген заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының резидент-банктерiнiң дауыс беретiн акцияларын тiкелей немесе жанама иелене және (немесе) пайдалана және (немесе) оған билiк ете алмайтынын (бұдан бұрын аталмыш шектеу оффшорлық аймақтарда тiркелген, заңды тұлғалардың қатысушылары (құрылтайшылары, акционерлерi) болып табылатын жеке тұлғаларына да және оффшорлық аймақтарда тiркелген аффилиирлендiрiлген тұлғалары бар заңды тұлғаларға да қолданылатын) хабарлаймыз.

Аталған шектеу рейтинг агенттiктерiнiң бiрiнiң төмен талап ету рейтингiсі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің еншілес ұйымдары болып есептелетін банктерге қолданылмайды.

Рейтинг агенттiктерiнiң және төмен талап ету рейтингiнің тізбесі уәкілетті органмен анықталады.

Жоғарыда аталғанды ескере отырып, егер Сіз уәкiлеттi орган тiзбесiн белгiлейтiн оффшорлық аймақтардың бірінде заңды тұлға ретінде тiркелген болсаңыз, Сіз аталмыш жағдайды Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына сәйкестендірудің ықтимал тәсілдерін анықтау үшін «БТА Банкі» АҚ-на келесі деректемелері бойынша қысқа мерзім ішінде байланысуыңыз қажет екенін мәлімдейміз:

байланысатын тұлғаның аты-жөні: Аманханова Гульзира
e-mail: gamankhanova@bta.kz
тел. +7 (727) 266 2667

Оффшорлық аймақтардың тізбесі

  1. Андорра Князьдігі.
  2. Антигуа және Барбуда мемлекеті.
  3. Багам аралдары достастығы.
  4. Барбадос мемлекеті.
  5. Белиз мемлекеті.
  6. Бруней Даруссалам мемлекеті.
  7. Вануату Республикасы.
  8. Гватемала Республикасы.
  9. Гренада мемлекеті.
  10. Джибути Республикасы.
  11. Доминикан Республикасы.
  12. Индонезия Республикасы.
  13. Испания (Канар аралдары аумағының бөлігінде ғана).
  14. Кипр Республикасы.
  15. Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік аудандардың аумағы бөлігінде ғана).
  16. Комор Аралдары Федералды Ислам Республикасы.
  17. Коста-Рика Республикасы.
  18. Малайзия (Лабуан анклавы аумағының бөлігінде ғана).
  19. Либерия Республикасы.
  20. Лихтенштейн Князьдігі.
  21. Маврикий Республикасы.
  22. Португалия (Мадейра аралдарының аумақтары бөлігінде ғана).).
  23. Мальдив Республикасы.
  24. Мальта Республикасы.
  25. Маршалл аралдары Республикасы.
  26. Монако Князьдігі.
  27. Мьянма Одағы.
  28. Науру Республикасы.
  29. Нидерланд (Аруба аралы аумағының және Антиль аралдарының тәуелді аумақтарының бөлігінде ғана).
  30. Нигерия Федеративтік Республикасы.
  31. Жаңа Зеландия (Кука және Ниуэ аралдары аумағы бөлігінде ғана).
  32. Палау Республикасы.
  33. Панама Республикасы.
  34. Самоа Тәуелсіз Мемлекеті.
  35. Сейшель аралдары Республикасы.
  36. Сент-Винсент және Гренадины мемлекеті.
  37. Сент-Китс және Невис Федерациясы.
  38. Сент-Люсия мемлекеті.
  39. Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі (келесі аумақтары бөлігінде ғана):
    1. Ангилья аралдары;
    2. Бермуд аралдары;
    3. Британдық Виргин аралдары;
    4. Гибралтар;
    5. Кайман аралдары;
    6. Монтсеррат аралы;
    7. Теркс және Кайкос аралдары;
    8. Мэн аралы;
    9. Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары).
  40. Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдары, Гуам аралы мен Пуэрто-Рико достастығы аумақтары бөлігінде ғана).
  41. Тонга Корольдігі.
  42. Филиппин Республикасы.
  43. Шри-Ланка Демократиялық Республикасы.