Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі Ұлттық Банкінен зейнетақы активтерін қайта ұйымдастыруға рұқсат алды

03.05.2011

Алматы, 3 мамыр 2011 ж. – Бүгін «БТА Банкі» АҚ 2011 жылдың 29 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының №42 қаулысымен «ҰларҮміт» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ және «БТА Банкі» АҚ-ның «БТА Қазақстан» жинақтаушы зейнетақы қоры» ЕҰ-на «БТА Қазақстан» ЖЗҚ-ның «ҰларҮміт» ЖЗҚ-на қайта ұйымдастыру түрінде қосылуға рұқсат беруге шешім қабылдағанын хабарлады.

Акционерлердің шешіміне сәйкес «ҰларҮміт» ЖЗҚ» АҚ өтімділік пен тұрақтылық талаптарына, сондай-ақ қаржылық айқындаманың маңызды түрде өсу әлеуеті мен нығаюына толық жауап беретін үлкен қор болып табылғандықтан қосылуды жүзеге асыратын қоғам ретінде танылды. Зейнетақы активтерін беру 2011 жылдың 3 мамырында аяқталды, осы күннен бастап «БТА Банкі» АҚ-ның «БТА Қазақстан» ЖЗҚ» ЕҰ АҚ салымшылары «ҰларҮміт» ЖЗҚ» АҚ-нан зейнетақы қызметтерінің барлық түрлерін алуға мүмкіндіктерге ие болды.

Басқармада орналасқан активтердің көрсеткіші бойынша «ҰларҮміт» ЖЗҚ» АҚ-ның нарықтағы үлесі басқармадағы нарықтық үлесі 20%-дан асады, салымшылар саны – 1 866 мың адамнан асады, республика бойынша 140-тан аса қор өкілдіктері жұмыс істейтін болады деген болжам бар.

БАҚ байланыс телефондары:

тел. +7(727) 312 28 47, 250 53 78
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz