Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 66-жылдығы қарсаңында БТА Банкі өзінің ардагер-салымшыларына материалдық көмек көрсетті

06.05.2011

Алматы, 6 мамыр 2011 ж. – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 66-жылдығы қарсаңында БТА Банкі арнайы «Мәңгілік есте сақтау» акциясының аясында 1929 жылға дейін дүниеге келген ардагер-салымшыларына материалдық көмек ретінде 29 млн. теңгеге жуық қаржы бөлді. Бүгінгі таңда Банктің клиенттік базасында мұндай салымшылардың 5,1 мыңға жуығы есептелінуде. Олардың әрқайсысына 5 000 теңге аударылады.

БТА Банкінің ардагер-салымшыларын құрмет тұту дәстүрі көптен бері әр жылдың айтулы мерекесіне айналған. Жыл сайын 9 мамыр қарсаңында Банк өзінің ардагер-салымшылары мен БТА-ның бұрынғы ардагер-қызметкерлеріне қызмет көрсетуде арнайы жеңілдіктер ұсынып келеді.

2010 жылы БТА Банкі «Мәңгілік есте сақтау» акциясының аясында банк бөлімшелерінде барша ҰОС ардагерлері мен соған сәйкес дәрежедегі азаматтар үшін коммуналды қызметтерді төлеудің комиссиясын алып тастады. Осыған орай, 2010 жылдың мамырында БТА Банкі өзінің ардагер-салымшыларына материалды көмек ретінде 30 миллион теңгеге жуық қаржы бөлді. Сонымен қатар өзінің еншілес «БТА Ипотека» компаниясымен бірлесе отырып ҰОС ардагерлеріне Алматы қаласынан екі пәтер сатып алуға қаражат бөлді.

2009 жылдан бастап БТА-да «Қамқор» әлеуметтік бағдарламасы шығарылды. Бағдарлама аясында кез келген ардагер-зейнеткер арнайы «Қамқор» шоты мен төлем карточкасын ашып, зейнатақылар мен жәрдемақыларды тегін ала алады.

БАҚ байланыс телефондары:

тел. +7(727) 312 28 47, 250 53 78
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz