Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі 2010 жылдың қаржылық қорытындысын шығарды

12.05.2011

Алматы, 12 мамыр 2011 ж. – Бүгін БТА Банкі (бұдан кейін – «Банк») ХҚЕС бойынша аудиттеліп шоғырландырылған есеп беру мәліметтерінің негізінде өзінің 2010 жылғы жұмыс нәтижесін хабарлады.

ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Аталмыш кезеңдегі Банктің және БТА тобына кіретін компаниялардың ( бұдан былай –Топ) негізгі жетістіктерінің бірі табысты аяқталған қайта құрылымдау болып табылады. Осының нәтижесінде 986 265 млн. тенге (6 693 млн. долларов США) құраса, ал 2009 жылдың қорытындысы бойынша таза шығын мөлшері 1 114 534 млн. тенге (7 507 млн. АҚШ доллары) болды. 2010 жылдың қорытындысы бойынша түскен пайда алдымен 853 914 млн. теңгені құрайтын (5 789 млн.АҚШ доллары) қайта құрылымдаудан түскен табысқа байланысты.

Банк капиталының тапшылығы 2009 жылдың аяғындағы 1 689 820 млн. теңгеден 2010 жылдың қорытындысы бойынша 16 есеге қысқарып, 104 513 млн. тенгені құрады.

Капитал тапшылығының қысқаруы 31.12.2010 жылы жалпы 671 472 млн. теңге сомасына Бас компанияға жататын Банктің бірінші және екінші облигациялық бағдарламасының аясында шығарылған барлық облигацияларды айырбастаудың негізінде капиталдан шығарылған соманың (қарапайым акциялар) өзгеруіне байланысты. Сонымен қатар 2010 жылдың қорытындысы бойынша қазіргі жыл кірісінің негізінде шоғырландырылған шығын сомасының қысқаруы болды.

2010 жылдың қорытындысы бойынша Банк ҚР банк секторында жетекші орында келе жатыр:

Актив мөлшері бойынша – 3 орында (1 994 млрд. тенге немесе 13 519 млн. АҚШ долларын), заңды тұлғалардың депозиттік портфелінің мөлшері бойынша 4 орында (419 млрд. теңге немесе 2 841 млн. АҚШ доллары) және жеке тұлғалардың депозиттік портфелі бойынша ( 255 млрд.теңге немесе 1 726 млн. АҚШ доллары) иеленді. 2011 жылдың 1 қаңтарына дейінгі Банктің жалпы депозиттік портфельдің жағдайы 2010 жылғы 1 қаңтарына қарағанда 14,6%-ға көбейіп, 674 млрд. тенгені құрады.

Банктің депозиттік портфелінің өзгерісі тұрақты өсуімен сипатталып, банкке деген халықтың сенімінің өсуін байқатады. Жеке және заңды тұлғалардың салымдарын депозиттік базаға тарту арқылы және ішкі нарыққа Банктің қорлық стратегиясы бағытталды.2010 жылдың қорытындысы бойынша Банк саудадағы халықтың шұғыл салымдарының 11,4% -на ие болса, ал 2010 жылдың басында аталмыш сегментте Банктің үлесі бар-жоғы 8%-ды ғана құраған еді. Сондай-ақ , нарық бойынша халықтың салым мөлшері жалпы алғанда тек 16%-ға көбейген кезде, БТА Банкінде бөлшектік депозит базасының артуы (+62,2%) байқалған болатын.

2011 ЖЫЛДЫҢ БИЗНЕС-БЕЛСЕНДІЛІГІ

2011 жылы Банктің несиелік портфелі бизнестің әр түрлі бағытында жоспарлы түрде түрлендіреді. 2010 жылдың қорытындысы бойынша Банктің несиелік портфельдегі бөлшек сауданың үлесі 8,3% -дан 10,8%-ға, ал ШОБ-тың үлесі 6,8%-*дан 8%-ға дейін өсті..

Бұнымен қатар, Банк несиелік портфельдің сапасы мен табысын ұлғайтуға баса назар аударып отыр.Алдына қойып отырған міндеттерге жету үшін, клиенттік базаны, өнімдік (азық-түліктік) базаны, кредиттік үрдісті автоматтизациялауды және проблемалы қарыздарды қайтаруды жұмысын күшейтуді жоспарлап отыр.

Кредитттік карталар, білім беру кредиттеуді және жеке кәсіпкерлер үшін серіктестік бағдарламалары бойынша жаңа өнімдерді енгізу арқылы өнім желісін кеңейту жүзеге асырылады.

Клиенттік базаны кеңейту серіктестік бағдарламасының аясында, жеке кәсіпкерлер және басқа банктерден қарыз алушыларды, студенттерді яғни клиентердің жаңа тобын өзіне тарту арқылы іске асыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Банк мүлік жағдайын бағалауға негізделген мамандандырылған бағдарламаларды енгізудің арқасында VIP-клиенттерді кредиттеуді кеңейтуді жоспарлап отыр.

2011 жылдың басынан бөлшек кредиттеу үрдісін автоматтандыру бойынша жобасына Кредит карталары, Жедел кредиттер, Автокредиттер, Әмбебап факультеті бойынша автоматтандырылған скорингпен орталықтандырылған андеррайнг үдерісі енеді.

Проблемалы кредиттерді қайтару жөніндегі жұмысты күшейтудің бірнеше бағыты бар. Қарыз алушының өтей аларлық шамасына байланысты оған қайта құрылымдалған қарыздың мерзімі ұзартылған жеке кестелердің тізбесі ұсынылуы мүмкін. Кейбір жағдайларда қарыз алушыға өз еркімен мүлкін саудаға салуға немесе тек соның келісімімен жүзеге асырылатын соттан тыс саудаларды жүргізу ұсынылуы мүмкін. Тіпті болмаған жағдайда соттың шешімімен Банк кепілдіктегі жылжымайтын мүлікті өз балансына қабылдауы мүмкін.Бұл жағдайда қарыз алушы аталмыш жылжымайтын мүлікті немесе басқа жылжымайтын мүлікті жалға алу шартының негізінде тұруына және Банк балансына сәйкес бірінші кезекте сатып алуға құқысы бар.

Банк корпоративті бизнесте несиелік портфельдің сапасын жетілдіру мақсатында шетелдегі активтерді қайтару және бизнестің кірісін жоғарлатып, есеп айырысу кассалық қызметтерден түсетін пайыздық емес үлестерді көбейту жұмыстарын жалғастыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, Банк клиенттік базамен жұмысқа баса назар аударып, бұрынғы клиентерді қайтарудың, қазіргі бар клиенттерді сақтап қалып, жаңадан ірі клиенттерді тарту жағын ойластыруға үлкен салмақ салып отыр.

Банктің корпоративті және ШОБ-сегменттерінде басты бәсекелесі ретінде экспорт-импорттық мәмілеге қатысты сауданы қаржыландырудың тиімді шарттары, яғни келісім аясындағы сауданы қаржыландыруға байланысты жаңартылған кепілдендірілген кредит желісі болып табылады. (RCTFF)

Аталмыш желінің аясында қаржыландырудың орташа құны жылдық 10-11%-ын құрайды. Бұл сауданы қаржыландыруға байланысты Банктің бұрынғы нарықтық деңгейін қайтарып, болашақта клиенттік базаның кеңеюіне мүмкіндік тудырды.2011 жылдың 31 науырызында RCTFF аясында алғашқы траншты 175 млн. АҚШ долларын төлегенінің арқасында клиенттерге тиімді жағдайда жалпы сомасы 5 миллион АҚШ доллар сомасына жуық 5 мәмілені қаржыландыруға жол ашты.

ШОБ сегментінде болашақта бизнес-үрдісті және өнімдік желіні, сатылым тимділігін арттыру, қашықтан қызмет көрсетуді, мониторинг желісінің актив сапасын жетілдіру Банктің басымдық міндеттері болып табылады.

Сонымен қатар, шағын және орта бизнес сегментінде Банк кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі мемлекеттік жобалардың аясында «Даму» Қорының жүзеге асыруының арқасында белсенді түрде жұмысын жалғастырып отыр. Бүгінгі күні Банк «Бизнестің жол картасы-2020» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда қазақстан банктерінің арасында көшбасшысы болып отыр. 2011 жылдың 1 мамырына дейінгі жағдайында Банк кәсіпкерлерден жалпы сомасы 34 600 млн. тенгені құрайтын 159 өтінішті қарастыруға қабылдады.

Осы көлемнің негізінде Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша (жаңа жобаларды қолдау) жалпы 14 988 млнд. теңге сомасын құрайтын 99 өтініш, екінші бағыт бойынша (кәсіпкерлік секторды қалпына келтіру) – жалпы 17 798 млрд. теңге сомасын құрайтын 53 өтініш, үшінші бағыт бойынша (экспорттық – бағдарлық өндірісті қолдау) – жалпы 1 814 млн. теңге сомасын құрайтын 7 өтінішті қабылдады.

Банк қабылдаған өтініштерінің жалпы көлемінен уәкілет органы Бағдарламаға бірінші бағыт бойынша 5 331 млн. тенге сомасын құрайтын 39 өтініш, екінші бағыт бойынша – 4 363 млн. тенге сомасын құрайтын 11 өтініш және үшінші бағыт бойынша – 914 млн. тенге сомасын құрайтын 5 өтінішті бекітті.

БАҚ байланыс телефондары:

тел. +7(727) 312 28 47, 250 53 78
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz