Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«Ұлар Үміт» ЖЗҚ зейнетақы нарығындағы көшбасшылық орнын күшейтті

17.05.2011

Алматы, 17 мамыр, 2011 жыл – 2011 жылдың 29 мамыр күнінен бастап «ҰларҮмiт» зейнетақы қорын (ары қарай – Қор) «БТА Қазақстан» ЖЗҚ-ға біріктіру арқылы қайта ұйымдастыру «ҰларҮмiттің» ҚР қаржы қызметі нарығының зейнетақы саласындағы үлесін 20 пайызға дейін ұлғайтты.

Екі ірі қорды біріктірудің нәтижесінде «ҰларҮмiт» ЖЗҚ бірқатар артықшылықтарға ие болып, осының бәрі жинақтала келе Қордың ары қарайғы дамуына едәуір ықпал ететін болады. Осылайша, ұлғайтылған Қор зейнетақы активтері көлемі (441 млрд. теңгеден астам) және салымшылар саны (1 866 мыңнан астам адам) бойынша екінші орынды иеленіп отыр. Қордың жеке капиталы 13 млрд. теңгеден асты.

«ҰларҮмiттің» негізгі артықшылықтарының бірі Қордың жалғыз акционері – БТА Банк арқылы Қор капиталына мемлекеттің қатысуы болып табылады. Ал, Банк, өз кезегінде, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ арқылы мемлекеттің бақылауына алынған. Қордың өзге артықшылықтарының қатарында үйлестірілген инвестициялық қоржынды, бүкіл Қазақстан бойынша 140-тан астам өкілдіктерден тұратын тармақталған аймақтық желіні, сонымен қатар, нарықтың жоғары құбылмалы жағдайында инвестициялық қоржынды тиімді басқару тәжірибесіне ие кәсіби мамандар тобын атауға болады.

2011 жылдың соңына қарай Қор инвестициялық қоржынның кесімді табыс көрсеткішін арттыруды жоспарлап отыр. Кесімді табыс көрсеткішінің жоспарланып отырған өсімі жағымды макроэкономикалық болжамдарға, сонымен қатар, активтерді инвестициялық басқару тиімділігін арттыруға бағытталған Қордың жаңартылған стратегиясына негізделген.

Қор қоржыны табыстылығының тұрақты өсуіне қайта ұйымдастырудың алдында инвестициялық құралдарды мұқият қайта бағалау бойынша өткізілген қадам себепші болмақ. Осы жұмыстың нәтижесінде Қордың қаржы құралдары нарық жағдайына сәйкестендіріліп, қоржынның табыстылығына дефолтты эмитенттер қағазының ықпал етуі толығымен алынып тасталды. Болашақта Қор өзінің қаржы құралдарын бағалау кезінде бірыңғай есеп саясатын ұстануға ниеттеніп отыр. Сонымен бірге, эмитенттерді табысты түрде қайта құрылымдаған жағдайда уақытша қиындыққа тап болған жекелеген эмитенттердің қағаздарынан құралған резерв болашақта қосымша табыс көзі ретінде қызмет етуі мүмкін.

Қазіргі күні Қор қоржыны жоғарғы өтімділікке және мемлекеттер, валюталар және түрлі салалар бойынша әртараптандырылған жоғары рейтингкке ие құнды қағаздардан құралған. Қоржын құрылымында мемлекеттік құнды қағаздар едәуір үлес алған (33,5%), олардың 90 пайыздан астамының табыстылығы инфляция деңгейіне байланысты болғандықтан, бұл жағдай қоржынды қауіптің төну мүмкіндігінен қорғайды. Қор қоржынының 10 пайызға жуығы өсу мүмкіндігі жоғары ірі шетелдік компаниялардың жоғары өтімді акцияларына инвестицияланған. Зейнетақы активтерінің 30 пайызға жуығы табыстылық деңгейі инфляция деңгейінен асатын корпоративті облигацияларға салынған. Қазақстандық эмитенттердің қарапайым акциялары мен депозитарлық қолхаттарына зейнетақы активтерінің 11 пайызға жуығы, шетелдік эмитенттердің жоғары рейтингілі облигацияларына – 5 пайыздан астамы, ал банк депозиттеріне 4,6 пайызға жуығы салынған.

Нарықтағы өтімділік көрсеткіші ең жоғары болып табылатын (40 млрд. теңгеге дейін) Қор бұл қаржыны отандық экономикаға жұмсауға дайын.

Түрлі қаржы құралдарының үлкен санынан құралған біріктірілген қоржын негізінде Қор мультиқоржындарды қалыптастырып, салымшыларға инвестициялық шешімдердің барынша кең таңдау мүмкіндігін ұсына алмақ.

Қордың делдалдық сыйақысы салымшылардың инвестициялық табыс мөлшеріне байланысты төлене бермек, ал бұл сыйақының төленуі осы күнге дейін зейнетақы нарығында бірде-бір тәсіл тең келмейтін әділ шкала бойынша жүзеге асырылады.

Қор өзінің нарықтағы орнын қызмет көрсету сапасын арттыру және аймақтық желіні кеңейту арқылы нығайтып, дамытуды көздеуде. Жақын уақытта Қор Теміртау, Екібастұз және Ақсай қалаларында өзінің қатысуын кеңейтуді жоспарлап отыр.

БАҚ-қа арналған байланыс:

БТА Банктің баспасөз қызметі
тел. +7(727) 312 24 26, 261 89 28
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz
«ҰларҮмiт» ЖЗҚ баспасөз хатшысы
тел. +7(727) 244 50 36 (ішкі: 1031)
e-mail: MAkmayeva@ularumit.kz
www.ularumit.kz