Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі Мұқтар Аблязовтың сотқа құрметсіздігіне байланысты Англияның Жоғарғы сотына жауапкершілікке тарту процедурасын бастады

18.05.2011

Алматы, 2011 жылғы 18 мамыр – «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) Директорлар Кеңесінің бұрынғы Төрағасы М.Аблязовтың сотқа құрметсіздігіне байланысты оны жауапкершілікке тарту туралы Англияның Жоғарғы сотына арыз берді. Осы арызды қарау аясында Банк, Банкпен 4 миллиард АҚШ долларынан астам сомадағы зиянды өтеуді талап етілетін сот даулары аясында Аблязовқа қатысты көптеген сот бұйрықтарының бұзылуы салдарынан түрмеге қамау түрінде жаза қолданылады деп күтеді.

БТА Банкі Мұқтар Аблязовпен өзінің барлық активтері туралы ақпаратты толық ашуды талап ететін бұйрықтарды орындамайтындығына алаң етеді. Соның ішінде, Банк М.Аблязовпен тиісті түрде ашылмаған 600 астам компаниялары туралы ақпаратты анықтап, сотқа ұсынды. Сондай-ақ, Банк өзінің пікірі бойынша соттың бұйрықтарымен тыйым салынған активтерге қатысты көптеген әрекеттердің дәлелдерін ұсынды.

2010 жылғы тамызда ағылшын соты KPMG аудиторлық компаниясын Аблязовтың активтері бойынша Сыртқы администраторы (receiver) ретінде тағайындап, теңдессіз шешім қабылдады, себебі, судья, активтерді шеттетуге тыйым салу туралы соттың алдыңғы шешімін М. Аблязовпен орындалуына қатысты оған сенім білдіре алмайтындығын атап өтті және активтердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдады.

БТА Банкінің Директорлар кеңесінің бұрынғы Төрағасын сотқа құрметсіздігі үшін жауапкершілікке тарту және оны түрмеге қамау түріндегі жазаны тағайындау себебі - Аблязовты сот бұйрықтарын орындауға мәжбүрлеу, сонымен қатар активтермен заңсыз мәмілелерді даулау болып табылады. Банк, Аблязовтың құқыққа қарсы әрекеттері жазасыз қалмауы тиіс деп санайды. Бұл, БТА Банкке активтерді қайтаруға және Мұқтар Аблязовқа қатысты шығарылған сот шешімдерінің орындалуын арттыруға мүмкіндік береді.

Қайта құрылымдау және Банк активтерін қайтару процесі аясында 2009 жылғы тамыздан бері Аблязовпен Банкті басқарған жылдары Банктен ұрланған миллиард долларды қайтару мақсатында Ұлыбританияда Аблязовқа қарсы бірнеше сот қарарлары өтті.

Процес басталғалы бері Англияның Жоғарғы соты активтердің қайда болғанына қарамастан, М. Аблязовтың активтерді шеттету мүмкіндігіне кедергі болу мақсатында бірнеше бұйрықтар шығарды. Бұйрықтармен активтер туралы толық ақпаратты жария ету талап етілді.

«БТА Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Әнуар Сәйденов: «БТА Банкі Англияның Жоғарғы сотына бірнеше миллиард доллар сомасын қайтару шараларын ұсынды. Банкпен және оның кеңесшілерімен жүргізілген құжаттарды және басқа да ақпараттарды талдау бойынша қаражаттар БТА Банкінің бұрынғы басшыларымен тоналғандағыны анықталды. Банктің осы әрекеттері қайта құрылымдау аясында БТА Банкімен өзіне жүктеген заңды міндеттемелердің бір бөлігі болып табылады. Банктің соңғы әрекеттері ағылшын сотына тікелей байланысты және Банк кредиторларының мүдделерін қорғауға бағытталған».

Сондай-ақ, «БТА Банкі» АҚ Аблязовтың заңсыз мәмілелеріндегі үшінші тұлғалардың рөлін одан әрі зерттейді және активтерді шеттету немесе активтер құнын төмендетуге Аблязовқа ықпал еткен, сонымен қатар, болашақта осындай әрекеттерге баратын үшінші тұлғаларға қарсы барлық қажетті әрекеттерді жүзеге асырады.

БАҚ арналған байланыстар:

тел. +7(727) 312 24 26, 261 89 28
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz