Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Акция және Visa Gold сыйлықақы ұсыныстары

19.05.2011

Visa Gold

Visa Gold картасын ашып, Қазақстан мен шетелдердегі таңдаулы дүкендердің ерекше артықшылықтар және сыйлық ұсыныстары әлеміне қол жеткізу мүмкіндігіне ие болыңыз. Сіз Visa Gold картасы арқылы төлем жүргізсеңіз, әлемнің бірден-бір сауда орталығы – Дубайға, жолдаманы ұтып алу мүмкіндігіңіз бар.

ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

  1. Акция 2011 жылдың 16 мамырынан 16 тамызға дейін жүргізіледі. Акцияға жасы 18-ден жоғарғы Қазақстан Республикасының азаматтары және Visa Gold, Visa Platinum (бұдан әрі мәтін бойынша - «Visa Картасы») карталарының иелері қатысуларына болады.
  2. Акцияның жүлде қоры мынаны құрайды:
    • 1 (бір) бас жүлде – БАӘ, Дубайға, екі адамға арналған жолдама (бұдан әрі мәтін бойынша - «Бас жүлде»);
    • 16 (он алты) екінші жүлде - видеокамералар;
    • 16 (он алты) үшінші жүлде - жол сөмкелері/жол сандықтар.
      Жүлделерге қатысты ұтыс ойыны 3 (үш) кезеңнен тұрады, олар келесі бекітілген күндерде өткізіледі:
      2011 жылдың 23 маусымында – 8 (сегіз) видеокамералар және 8 (сегіз) жол сөмкелері/жол сандықтар ұтысқа қойылады,
      2011 жылдың 25 шілдесінде - 8 (сегіз) видеокамералар және 8 (сегіз) жол сөмкелері/жол сандықтар ұтысқа қойылады,
      және 2011 жылдың 23 тамызында – БАӘ, Дубайға екі адамға арналған жолдама ұтысқа қойылады. Ұтыс ойындардың қорытындылары нотариалды түрде куәландырылады.
  3. Акцияның қатысушысы болу үшін, Visa Gold және Visa Platinum Картасының иесі көрсетілген мерзімде сауда және сервис кәсіпорындарында, сонымен бірге Интернет желісінде тауарларға және көрсетілген қызметке төлеу кезінде ең болмаса 1 (бір) операцияны Visa картасын пайдалану арқылы жүзеге асыруы қажет.
  4. Жарнамалық Акцияның тапсырыс берушісі болып Visa компаниясы есептеледі, Жарнамалық Акцияның ұйымдастырушысы болып «EMCG» ЖШС (бұдан әрі мәтін бойынша - «Ұйымдастырушы») есептеледі. Ұйымдастырушының мекенжайы: 050012, Қазақстан, Алматы қ-сы, Төле би, 83.
  5. Қатысушы Акцияның шарттарына сәйкес операцияларды көбірек жасаса, онда Бас жүлдені, Екінші және Үшінші жүлделерді ұтып алуға мүмкіндіктері бар.
  6. Акцияның бір қатысушысы тек қана 1 (бір) Жүлдені ұтып алады (Бас жүлде, Екінші және Үшінші жүлде).
  7. Қолданыстағы шетелдік төлқұжаты жоқ немесе қолданылу мерзімі 2012 жылдың 15 мамырына дейін бітетін шетелдік төлқұжаты бар Қатысушы, Бас жүлденің иеленушісі бола алмайды.
  8. БАӘ елшілігі Бас жүлденің иеленушісіне және/немесе сапарға онымен бірге баратын серігіне виза беруден бас тартқан жағдайда, Акцияның Ұйымдастырушысы жауапты болмайды.
  9. Бас жүлденің иегері 2011 жылдың 15 қарашасына дейін сыйлықты (БАӘ, Дубайға сапарды іс жүзінде асыруы тиіс) қолдануы тиіс. Егер де Бас жүлдегердің иегері БАӘ, Дубайға сапарға шығу мүмкіндігін уақытылы пайдаланбаса, Акция Ұйымдастырушысы жауапты болмайды.
  10. Акция шарттарына тиісті Операцияның сипаттамасымен www.visa.kz сайтында танысуға болады.
  11. Ұтыс ойынның қорытындылары www.visa.kz сайтында жарияланады.
  12. Сыйлықтарды алу тәртібі мен мерзімі:
    Сыйлықтарды беру ұтыс ойындарын өткізу сәтінен бастап бір ай ішінде жүзеге асырылады. Бас жүлдені ұтып алған қатысушы 2011 жылдың 30 тамызына дейін Ұйымдастырушының өкілімен +7 (727) 258 89 23 телефоны бойынша хабарласуы және өзі туралы, сонымен қатар сапарға өзімен бірге баратын серігі туралы қажетті мәліметті хабарлауы қажет. Бас жүлдені ұтып алған қатысушы 2011 жылдың 30 тамызына дейін Ұйымдастырушыға Бас жүлдегер мен оның сапарға бірге баратын серігінің қолданылу мерзімі 2012 жылдың 15 мамырынан бұрын бітпейтін шетелге шығу төлқұжаттарын, сонымен бірге Ұйымдастырушыдан алған тізімдерге сәйкес Бас жүлдені алу үшін қажетті барлық мәліметтерді және құжаттарды беруге міндетті.
  13. Бас жүлдені ұтып алған жүлдегер, оны үшінші тұлғаларға беруіне құқығы жоқ.
  14. Акцияның жалпы шарттары:
    • Қатысушы Акцияда қатысу арқылы өзінің Акция Ережелерімен және қатысудың барлық шарттарымен танысқанын және келіскенін растайды.
    • Бас жүлдені, Екінші және Үшінші жүлделерді алумен байланысты салықтарды төлеу бойынша міндеттемені Акцияның Ұйымдастырушысы атқарады.
    • Бас жүлде, Екінші және Үшінші жүлделер ақшалай балама түрінде берілмейді.
    • Акцияны өткізумен байланысты барлық мәселелер бойынша Ұйымдастырушының шешімдері, сонымен бірге Акцияны өткізу қорытындылары кесімді болып есептеледі және барлық Қатысушыларға тиесілі болады.

Visa Gold және Visa Platinum сыйлықақы карталарының иелеріне арналған Қазақстан бойынша артықшылықтар бағдарламасы: http://www.bta.kz/ru/personal/cards/visa-benefits/