Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Moody’s БТА Банкінің депозиттік рейтингтерін «B3» деңгейіне көтерді

25.05.2011

Алматы, 2011 жылғы 25 мамыр – Moody’s Investors Service Халықаралық рейтингтік агенттігі БТА Банкінің ұзақ мерзімді депозиттік рейтингтерін ұлттық валютада және шетел валютасында «Caa3» бастап «B3» дейін арттырды. БТА Банкінің қаржылық тұрақтылық рейтингі «Е» деңгейімен расталды, бұл Moody's агенттігінің ұзақ мерзімді рейтингтік шкаласы бойынша «Саа2» рейтингіне сәйкес келеді.

Сонымен қатар БТА Банкінің қайта құрылымдау аясында шығарылған шетел валютасындағы үлкен қамтамасыз етілмеген және реттелген облигациялар бойынша «Caa2» және «Caa3» деңгейіндегі ұзақ мерзімді борыштық рейтингтері берілді.

БТА Банкінің қаржылық тұрақтылық рейтингі бойынша болжамы – «тұрақты». БТА Банкінің ұзақ мерзімді борыштық және депозиттік рейтингтер бойынша болжамы – «даму деңгейінде».

Агенттіктің аталмыш рейтингтік әрекеті Moody's рейтингтік агенттігімен 2010 жылғы 30 қыркүйекте бастама жасалған БТА Банкінің рейтингтерін қайта қарау процесін аяқтайды.

Moody’s агенттігі арқылы БТА Банкінің борыштық рейтингтерін арттыру БТА Банкінің қаржылық міндеттемелерін қайта құрылымдауды аяқтаумен негізделді, бұл 11 млрд.-тан астам АҚШ долларына оның қайта капиталдануына алып келді. Бұл, өз кезегінде, БТА Банкіне реттемелі меншік капиталын 2,36 млрд. АҚШ долларына дейін арттыруға мүмкіндік берді. Яғни, капиталдың барабарлығы бойынша ең төменгі реттемелі талаптарға сәйкес келді.

БТА Банкінің борыштық және депозиттік рейтингтері бойынша дамыту болжамы жақын арадағы 1-1,5 жылдың ішінде олардың артуын немесе төмендеуін білдіреді. Moody's хабарлағандай, БТА Банкі капиталын қалпына келтірген және өзінің оперативтік тиімділігін маңызды арттырған жағдайда, БТА Банкінің рейтингтері артуы мүмкін. Және, керісінше, БТА Банкі оперативтік тиімділігін және капиталдың мөлшерін жақын арадағы 1-1,5 жылдың ішінде арттыра алмаған және ұзақ уақыт шығындардың төмендетілмейтін деңгейінен шыға алмаған жағдайда, БТА Банкі рейтингтері төмендеуі мүмкін.

БАҚ арналған байланыс:

ел. +7(727) 250 53 78, 312 28 47
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz