Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама

27.05.2011

Алматы, 2011 жылғы 27 мамыр – Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, «Самал-2» ы/а, Жолдасбеков к-сі, 97 мекенжайы бойынша орналасқан «БТА Банкі» Акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің 2011 ж. 20 мамырдағы № 22 шешіміне сәйкес, «БТА Банкі» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлайды.

«БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесі Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын шақырудың бастамашысы болып табылады.

«БТА Банкі» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы Алматы қ., Құрманғазы к-сі, 36, «Достық» қонақүйі, Мәжіліс-залы мекенжайы бойынша 2011 жылдың 30 маусымында 11 сағат 00 минутта өтеді. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу Алматы қ., Құрманғазы к-сі, 36, «Достық» қонақүйі, Мәжіліс-залы мекенжайы бойынша 9 сағат 30 минутта жүргізілетін болады.

«БТА Банкі» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2011 жылдың 20 мамырына қарасты құрылды.

«БТА Банкі» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі:

  1. ««БТА Банкі» АҚ қызметінің 2010 жылғы қорытындылары бойынша «БТА Банкі» АҚ жылдық шоғырландырма қаржылық есептілігін бекіту туралы»
  2. ««БТА Банкі» АҚ-ның өткен 2010 қаржы жылының таза табысын бөлу және қоғамның бір жай акциясына есептегенде дивиденд көлемі туралы»
  3. ««БТА Банкі» АҚ Директорлар Кеңесінің 2010 жылғы Есебін бекіту туралы»
  4. ««БТА Банкі» АҚ қызметінің 2011 жылғы қорытындылары бойынша «БТА Банкі» АҚ шоғырландырма қаржылық есептілігіне аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды анықтау, аудитордың құзыретінің мерзімі туралы»
  5. ««ТұранӘлем Банкі» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының 2007 жылғы 22 ақпандағы № 45 Хаттамасымен бекітілген, «БТА Банкі» АҚ орналастырылған акцияларын сатып алу Ережелеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы»
  6. ««Акционерлердің қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне жүгінуі туралы мәселені қарау және қарастыру қорытындылары туралы»
  7. «2010 жылғы Басқарма Мүшелерінің және Директорлар Кеңесінің сыйақы көлемі мен құрамы туралы мәлімет»
  8. «Директорлар Кеңесі құрамын өзгерту туралы».

«БТА Банкі» АҚ акционерлерін Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының жұмысына қатысуға шақырамыз. Күн тәртібіндегі мәселелер мен акционерлердің жалпы жиналысын өткізуге қатысты ақпаратпен және материалдармен келесі телефондар бойынша танысуға болады: +7 (727) 266 72 54; +7 (727) 266 72 69, e-mail: o_pitulova@bta.kz.

Кворум болмаған жағдайда акционерлердің қайталама жалпы жиналысы 2011 жылдың 1 шілдесінде, 11 сағат 00 минутта, Алматы қ., Құрманғазы к-сі, 36, «Достық» қонақүйі, Мәжіліс-залы мекенжайы бойынша өтеді. Акционерлерді тіркеу 9 сағат 30 минутта басталады.

Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының талаптарына сәйкес, акционерлердің жалпы жиналысында акциялары номиналды ұстаудағы және орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ол туралы мәлімет жоқ меншік иесіне тиесілі акционерлер дауыс беруге жіберілмейді.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында қатысу үшін жеке тұлғалар- акционерлердің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы қажет.

Акционерлердің (заңды немесе жеке тұлғалардың) өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген, акционер болып табылатын заңды тұлғаның немесе нотариустың мөрімен бекітілген, нотариалды расталған сенімхат және өкілдің жеке басын куәландыратын құжат ұсынуы қажет.

Акционерлер-заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңының 17 бабының 5 тармағының бірінші бөлігінің талаптарына және 2010 жылғы 28 мамырдағы Конкурстық кредиторлардың жалпы жиналысымен бекітілген Ақпараттық Меморандумның «ГДР бағдарламасы» бөлімінің талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңының көрсетілген нормаларының талаптарын олардың және олардың акционерлерінің орындағаны туралы өтініш ұсынулары қажет.

Байланыс үшін:

Ольга Питулова
«БТА Банкі» АҚ
Корпоративтік хатшысының көмекшісі
тел. +7 (727) 266 72 69
email: o_pitulova@bta.kz