Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Англияның Жоғарғы соты Мұхтар Әбілязовтың көмекшісі Сырым Шалабаевты тұтқынға алу жөнінде Халықаралық ордер берді

27.05.2011

Алматы, 2011 жылғы 27 мамыр – Англияның Жоғарғы соты (әрі қарай – «Сот») Мұхтар Әбілязовтың жұбайының інісі Сырым Шалабаевты Сотқа құрметсіздігі үшін кінәлі деп тапты. Осыған байланысты, оны тұтқынға алу жөнінде халықаралық ордер беріп, оған жаза қолдану шарасын анықтайтын 2011 жылғы 20 маусымдағы отырысқа оның қатысуын талап етті. Соттың осы шешімі БТА Банкімен бастама жасалған және активтерді қайтаруға және оның бұрынғы басшысымен келтірілген шығындарды өтеуге бағытталған ағымдағы сот даулары аясында шығарылды.

Осы даулар аясында, БТА Банкі Сотқа Шалабаевтың Банктен жүз миллион доллардан астам ақша қаражаттарын шығарып алудың алаяқтық іс-әрекеттеріне қатыстылығы туралы көптеген дәлелдемелер ұсынды. Іс материалдарын қарап, Сот 2010 жылдың қарашасында Шалабаевтың ұрланған қаражаттардың ағымдағы орналасқан жері туралы мәліметтерді, сонымен қатар өзінің активтері туралы ақпараттарды беруіне қатысты бұйрық шығарды.

Сот шешіміне қарамастан, Шалабаев осы бұйрықты елемеді және осының салдарынан Сотқа құрметсіздігі үшін кінәлі деп танылды. Осы істі қарап жатқан Судья Бриггс, Шалабаевты қамауға алу түріндегі жаза қолдану керектігін мәлімдеді.

БТА Банкпен ұсынылған дәлелдер, Шалабаевтың Соттан жасырын Әбілязовтың активтерін басқарудағы маңызды рөлін растайды. Осы ақпарат негізінде, Сот Әбілязовтың сырттай басқарылатын активтерінің тізімін 600-ден астам компаниялармен толықтырды.

Сонымен қатар, БТА Банкі Әбілязовтың Сот талаптарын орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту және Сот бұйрықтарының көптеген және жүйелі бұзылыстарына байланысты қамауға алу түріндегі жазаны тағайындау туралы қолдаухат ұсынды.

Өз кезегінде, Әбілязов, Сотта Шалабаевпен ешқандай қарым-қатынасының болмағандығын дәлелдеген, осыған орай БТА Банкі Сотқа Шалабаев Әбілязовтың активтерін басқарып жүргендігін дәлелдейтін, электрондық пошта арқылы хат жазысу материалдарын қоса алғанда, нанымды дәлелдер ұсынды.

БТА Банкі өзіне келтірілген зиянды өтеу жұмыстарын жүргізуде және Банктен қаражаттардың ұрлануына қатысты барлық кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тартуды мақсат етеді. Сонымен қатар, БТА Банкі Банктен ұрланған активтерді және ақшаны жасыруға қатысатын барлық тұлғаларды жауапкершілікке тарту жұмыстарын жалғастырады.

БАҚ байланыс телефондары:

тел. +7(727) 250 53 78, 312 28 47
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz