Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкін қайта құрылымдау Eurolawyer 2011 заң форумы барысында үздік мәміле болып танылды

14.06.2011

Алматы, 2011 жылғы 14 маусымEurolawyer 2011 жыл сайынғы заң форумы аясында 2-маусымда Лондонда өткізілген Eurolawyer Awards 2011 номинанттарды марапаттау рәсімінде, БТА Банкі «Қайта құрылымдауды жүргізу және проблемалық активтермен жұмыс істеу саласы бойынша ТМД-ның үздік заң департаменті» марапатына ие болды. Сыйды БТА-ның атынан White&Case – Банкке қайта құрылымдау бойынша заң және кеңес беру қызметтерін көрсететін компанияның Басқарушы серіктесі - Фрэнсис Фитцерберт-Брокхоулз мырза алды.

Eurolawyer Awards 2011 Бас демеушісі - CMS Cameron McKenna компаниясының серіктесі Грэхэм Конлон мырзаның пікірі бойынша, «БТА қайта құрылымдау ТМД-дағы үздік мәмілелердің бірі атанды, сондықтан төрешілер алқасы Банкке осы марапатты ұсыну туралы шешім қабылдады».

Жыл сайын Eurolawyer заң форумы Еуропа және ТМД елдерінің жетекші заңгерлерін жинайды. Оның аясында Eurolawyer Awards – халықаралық заң тәжірибесінің әртүрлі бағыттарында ерекшеленетін Еуропа және ТМД елдеріндегі Компаниялардың жетекші заң департаменттерін марапаттау салтанаты өткізіледі.

2011 жылы Eurolawyer Awards аясында «Қайта құрылымдауды жүргізу және проблемалық активтермен жұмыс істеу саласында ТМД үздік заң департаменті» номинациясы бекітілді, осы марапатты алу үшін номинанттар арасында «Альянс Банк», Heineken, «Энергорынок Украины» және «Мариупольский металлургический комбинат имени Ильича» сияқты компаниялар болды.

Eurolawyer форумы және Eurolawyer Awards марапаттау рәсімі туралы толық ақпаратты www.eurolawyer.org.uk және awards.eurolawyer.org.uk мекенжайлардан алуға болады.

Сонымен бірге, 18 мамырда БТА Банкі және оның Ogilvy Public Relations Worldwide кеңесші-компаниясы SABRE Awards номинанттарды марапаттау рәсімі аясында берілген 2010 жылғы үздік қаржылық коммуникациялық кампаниясы марапатына ие болды. Осы жылы SABRE Awards рәсімі Прагада өткізілді.

Оуэн Нанлохи мырза мәлімдегендей, Ogilvy Public Relations Worldwide кеңесшісі: «Банк міндеттемесін қайта құрылымдау аясында коммуникациялық кампания бойынша БТА-мен бірігіп атқарған зор еңбектің марапатталғанына өте қуаныштымыз» деді. БТА мен Ogilvy, SABRE ұсынған «EMEA аймағындағы үздік қаржылық коммуникациялық кампания» (Еуропа, Таяу Шығыс, Африка) марапатын алуы PR-кампаниясының тиімді және креативті жұмысының дәлелі болып табылады».

SABRE Awards (Superior Achievement in Branding and Reputation) – The Holmes Report - PR индустриясы туралы беделді халықаралық басылыммен құрылған брендинг және репутациялық менеджмент саласында зор жетістіктер үшін берілетін халықаралық сыйлықақы.

Жыл сайын SABRE Awards креативтің және тиімділіктің жоғары деңгейін көрсететін Солтүстік Америка, Еуропа, Таяу Шығыс, Африка және Азиялық-Тынық мұхит аймағы елдеріндегі үздік коммуникациялық кампаниялар қатысады. 2011 жылы SABRE Awards қатысуға әлемнің 40 елінен 4 мың компаниядан өтінімдер келіп түсті.

SABRE Awards сыйлықақылары туралы толық ақпаратты: blog.holmesreport.com/index.php/author/sabre (ағылшын тілінде) мекенжайы бойынша алуға болады.

БАҚ байланыс телефондары:

тел. +7(727) 312 24 26, 261 89 28
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz