Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының қорытындылары

01.07.2011

Алматы, 2011 жылғы 1 шілде – Бүгін, БТА Банкі (әрі қарай – «Банк») Алматы қ. 2011 жылғы 30 маусымда өткен Жылдық жалпы жиналыс барысында оның акционерлерімен қабылданған және Банктің 2010 жылғы қызметінің қорытындыларына арналған шешімдерді жариялады. Ашық дауыс беру барысында Банк акционерлері келесі шешімдерді қабылдады:

  1. Банктің 2010 жылғы аудит жүргізілген жылдық біріктірілген қаржылық есептілігін бекіту;
  2. Банктің резервтік капитал мөлшерін 95 111 231 мың теңгеге 137 457 656 мың теңгеге дейін арттыру және 2010 жылғы қызмет қорытындылары бойынша Банктің жәй акциялары бойынша дивидендтер төлемеу;
  3. 2010 жылғы Банктің Директорлар кеңесінің есебін толық мақұлдау;
  4. 2011 жылғы Банктің жылдық қаржылық есептілігіне аудит жүрргізетін аудиторлық ұйым ретінде «Ernst & Young» ЖШС анықтау;
  5. 2007 жылғы 22 ақпандағы №45 «ТұранӘлем Банкі» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысымен бекітілген «БТА Банкі» АҚ орнықтырылған акцияларын сатып алу ережелеріне» енгізілетін өзгерістерді бекіту;
  6. Банк әрекеттеріне және оның лауазымды тұлғаларына акционерлердің үндеулері және 2010 жылғы қарастыру қорытындылары туралы мәселені қарау жөніндегі ақпаратты назарға алу;
  7. 2010 жылғы Банктің Басқарма және Директорлар кеңесі мүшелерінің сыйақы мөлшері және құрамы туралы ақпаратты назарға алу;
  8. Банктің Директорлар кеңесінің мүшелері – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ өкілдері – Карибжанов А.Т. мырзаның және Искандиров А.М. мырзаның өкілеттік мерзімін тоқтату және Банктің Директорлар кеңесінің құрамына «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ өкілдері ретінде – Байсынов М.Б. мырзаны және Алдамберген А.У. ханымды сайлау.

БАҚ байланысу телефондары:

тел. +7(727) 312 24 26, 261 89 28
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz