Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Құрметті Клиенттер!

25.07.2011

Біз Сіздерге «Қазақтелеком» АҚ пайдасына төлемдерді мобильді телефоныңыз арқылы төлеуге болатындығын қуана хабарлаймыз! Ол үшін Сіз БТА Банкі SMS-Банкинг жүйесінің Пайдаланушысы болуыңыз керек.

SMS-Банкинг дегеніміз не?

SMS-банкинг – Интернет-банкингпен, банкоматтардың және Cash&Pay төлем терминалдарының кең желісімен қатар қолданылатын БТА Банкі қашықтан қызмет көрсету арналарының бірі, ол банк бөлімшесіне хабарласпай-ақ, төлем карточкасы бойынша ақша қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді.

SMS-банкинг көмегімен төмендегілерді жүзеге асыруға болады:

  • Төлем карточкалары бойынша операциялар (нотификация қызметтері: жалақының түсуі, қолма-қол ақшаны алу, тауарлар мен қызметтер ақысын төлеу, ақша аударымы)
  • Банктің 5111 қысқа нөміріне SMS жіберу арқылы Сіздің сұрауыңыз бойынша ақпарат алу (депозиттегі және ағымдық шоттағы ақша қалдығы, кредит бойынша берешек, валюталардың ағымдағы бағамдары, БТА Банкі банкоматтарының және бөлімшелерінің мекенжайлары)
  • Байланыс қызметтері үшін ақы төлеу: Beeline, Kcell, Activ, Dalacom, Pathword, City, Tele2, Қазақтелеком.
  • Карточканы жедел түрде тежеу.
  • Карточка бойынша авторизацияланған лимитті көтеру.

Егер де сіз нотификация қызметіне (карточка бойынша транзакциялар жөніндегі ақпаратты алу) қосылсаңыз, SMS-банкинг қызметін пайдалану үшін ай сайынғы абоненттік төлем 250 теңгені құрайды.

Егер сіз өз қажеттілігіңізге қатысты сұрауларды (шоттағы қалдық, карточканы тежеу, төлемдер) ғана жіберсеңіз, онда абоненттік төлем - алынбайды. Бір төлем үшін комиссия – 50 теңге.

SMS-Банкинг қызметіне қалай қосылуға болады?

Ол үшін БТА Банкінің төлем карточкасыныың, ұялы телефонның иелену керек және банктің кез келген бөлімшесіне хабарласу керек.