Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Құрметті клиенттер!

09.08.2011

«Эйр Астана» әуе компаниясы және БТА Банкі арасындағы бірлескен акцияның жалғасатындығын қуана хабарлаймыз.

Саяхатқа жиналып жатырсыз ба? Онда әуе паркінде 20-дан астам әуе кемелері бар және бағыттар желісінде 50-ден астам ішкі және халықаралық рейстері бар «Эйр Астана» ұлттық әуе тасымалдаушысының қызметтерін пайдаланыңыз.

Электронды әуе билеттерін «Эйр Астана» әуе компаниясының телефондары арқылы брондауға болады, ал төлемді БТА Банкінің кез келген бөлімшесінде, Cash&Pay төлем терминалдары желісі арқылы немесе БТА Банкінің Интернет-банкинг жүйесінде - my.bta.kz жасауға болады.

Егер де сіз 2011 жылғы 1 мамырдан бастап 31 тамызға дейін БТА Банкі желісінде «Эйр Астана» әуе компаниясының билеттері үшін төлем жасасаңыз, онда автоматты түрде әуе компаниясының кез келген бағытына барып-келуге арналған әуе билетінің ұтыс ойындарына қатыса аласыз! Көптен бері өзіңіз армандаған саяхаттау мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Ол үшін не істеу керек?

1-қадам. «Эйр Астана» әуе компаниясының «Брондау және ақпарат орталығының» +7 (727) 244-44-77 (Алматы үшін) немесе 58-44-77 (бұл нөмір Қазақстанның Алматыдан өзге кез келген қаласында қолданыста болады) телефондарына хабарласыңыз.

2-қадам. Орталық маманы сізге әуе билетін брондайды және электронды пошта арқылы немесе сіздің мобильді телефоныңызға SMS-хабарлама жіберу арқылы бронь нөмірі мен нақты төлем сомасын (бронь нөмірінде қате кетпеуі үшін) жібереді.

3-қадам. Брондау орталығының маманы хабарлаған әуе билеті үшін төленетін сома брондау күні ғана жарамды болатындығын және кез келген басқа күні АҚШ долларының теңгеге қатысты бағамы бойынша өзгеруі мүмкін екендігін ескеру қажет. Егер сіз төлемді басқа күні жасайтын болсаңыз, онда «Эйр Астана» әуе компаниясының Брондау және ақпарат орталығына алдын-ала хабарласып, төлем күніндегі билет сомасын анықтап алу керек.

4-қадам. Сіз өзіңізге қолайлы әдісті таңдап, билет ақысын төлейсіз. Төлем БТА Банкінің Қазақстандағы кез келген бөлімшесінде қабылданады. Билет ақысын төлеу кезінде төлеуші бронь нөмірін, жеке басын куәландыратын құжат нөмірін және СТТН нөмірін міндетті түрде білуі тиіс. Әуе билетінің құнына тәуелсіз, БТА Банкі бөлімшесінде төлем жасау кезінде ұсталатын комиссия - 150 теңгені, Cash&Pay төлем терминалы немесе Интернет-банкинг арқылы – 50 теңгені құрайды.

5-қадам. Сіздің әуе билеті үшін жасаған төлеміңіз «Эйр Астана» әуе компаниясының шотына түскен жағдайда, БТА Банкінен түсетін төлемдер мониторингі үшін жауапты әуе компаниясының маманы тиісті хабарламаны алады. Содан кейін ол алынған мәліметтер негізінде әуе билетін дайындап, оны электронды пошта немесе факс арқылы сізге жібереді. Содан соң әуе компаниясының маманы брондау кезінде сіз берген нөмірге хабарласып, сізге электронды билеттің жіберілгендігі жөнінде хабар береді.