Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкінің басшылығындағы кадрлық тағайындаулар туралы

15.08.2011

Алматы, 2011 жылғы 15 тамыз – Бүгін, «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай – БТА Банкі) басшылар құрамының кадрлық тағайындаулары туралы жариялады. 2011 жылғы 29 шілдеде қабылданған шешімдерге сәйкес Банктің Директорлар кеңесінің отырысында ағымдағы жылдың 15 тамызынан Басқарма Төрағасы қызметіне Марат Заиров тағайындалды. Бүгінгі күнге дейін БТА Банкінің атқарушы органын басқарған, сондай-ақ, Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылатын Әнуар Сәйденов Директорлар кеңесінің Төрағасы қызметіне сайланды. Арман Дунаевтың Банктің Директорлар Кеңесінің Төрағасы қызметіндегі өкілеттігі оның бастамасы бойынша тоқтатылды.

БТА Банкінің Директорлар кеңесі мүшелерінің пікірі бойынша Сәйденов осы басқару органына басшылық жасай отырып, осы қаржылық институтының ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге барынша ықпал етеді. Ал, өз кезегінде, Заировтың Басқарма Төрағасы қызметіне тағайындалуы Банктің негізгі бизнесінің тиімділігін және кірістілігін арттыруға бағытталған.

Директорлар кеңесі мүшелерінің пікірі бойынша Заиров мырзаның қазақстандық банк секторындағы жұмыс тәжірибесі қазақстандық қаржы қызметтер нарығында БТА-ның жіберіп алған ұстанымын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

«Мен Арман Дунаевтың БТА банкінің міндеттерін қайта құрылымдау бойынша келіссөздер жүргізу процесіндегі зор үлесін атап өткім келеді. Өз кезегінде, Басқарма Төрағасы лауазымына Қазақстанның қаржы нарығында кеңінен белгілі болған Марат Заировты тағайындау банк алдында тұрған жаңа тактикалық мәселелерді сапалы шешуіне ықпал етеді» - деп мәлімдеді Әнуар Сәйденов.

Сонымен бірге, Марат Заиров өзінің осы лауазымға сайлануын «маңызды кәсіби шақыру және жалпы елдің экономикасына маңызды деңгейде ықпал ететін қаржы институты – БТА Банкін дағдарыстан кейін қалпына келтіруде өзінің үлесін қосу мүмкіндігі» деп бағалайды.

БТА Банкінің Басқарма құрамына өзінің тағайындалуына дейін 43 жастағы банкир Марат Заиров «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, сонымен қатар «Нұрбанк» АҚ басшысы қызметтеріндегі көп жылғы еңбектерімен қоса, қазақстандық жетекші банктерде маңызды басшы қызметтерін атқарды.

БАҚ арналған телефондар:
тел. +7(727) 250 53 78
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz

БТА Банкінің Басқарма Төрағасы Марат Заировтың өмірбаяны

Марат Заирович Заиров 31-ші мамыр 1968 ж. Қазақстан, Ақтөбе қ. дүниеге келген. Үйленген, 5 баланың әкесі.

Жұмыс тәжірибесі:
   
2011 ж. 15 тамыз «БТА Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы қызметіне тағайындалды
2009–2011 «Нұрбанк» АҚ, Басқарма Төрағасы
2000–2009 «Қазақстан Халық банкі» АҚ, Басқарма Төрағасының орынбасары
1998–2000 «ТұранӘлем Банкі» ААҚ, Басқарма Төрағасының орынбасары
1997–1998 «Темiрбанк» ААҚ, Басқарма Төрағасының орынбасары
1997 «ТұранӘлем Банкі» ЖАҚ, Басқарма Төрағасының орынбасары
1993 –1997 «Казкоммерцбанк» ААҚ, Кредиттеу және филиалдарды басқару департаментінің Директоры

«Эксимбанк Казахстан», Кредиттік келісімдерді және кепілдіктерді сараптау департаментінің Директоры

«Alem Bank Kazakhstan», Кредит бөлімінің Бастығы

«Alemsystem», Қаржылық-экономикалық басқарма Бастығы

ҚР Экономика министрлігі, Халықаралық экономикалық және қаржылық ұйымдармен өзара әрекет ету бөлімінің Бастығы
Білімі
   
1997 – 2000 Қазақ Мемлекеттік Заң Академиясы, біліктілігі «Заңгер».
1995 - 1998 ҚР ҰҒА Экономика институтының аспирантурасы, Экономика ғылымдарының кандидаты
1985 – 1992 М.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университеті, экономика факультеті, біліктілігі «экономист, политэкономия оқытушысы», үздік диплом