Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Әбілязовтың ереуілге шыққан мұнайшылардың отбасыларына аударған төлемдерінің заңдылығына қатысты БТА Банкінің ресми түсініктемесі

15.09.2011

Алматы, 2011 жылғы 15 қыркүйек – БТА Банкіне (одан әрі – Банк) Мұхтар Әбілязовтың ереуілге шыққан мұнайшылардың отбасыларына аударған төлемдерінің заңдылығы жөнінде бірнеше сауал келіп түсті. БТА Банкінің Әбілязовтың барлық активтерінің қозғалысын тоқтату және оларды сыртқы басқаруға беру (receivership) туралы Англия Жоғарғы сотының бұйрығын алуына байланысты, Әбілязовтың мұндай төлемдерді заңды түрде жүргізуі мүмкін емес.

Банк Англия Жоғарғы сотының бұйрықтарын Әбілязовтың ұдайы бұзатындығы жөнінде бұған дейін бірнеше рет мәлімдеген. Осындай жайттардың салдарынан Банк сотты құрметтемегендігі үшін Әбілязовты жауапқа тарту процесінің бастамашысы болды және оны қамауға алу түрінде жаза қолдану үкімінің шығарылуына мүдделі болып отыр. Банктің осы өтініші бойынша сот тыңдаулары қараша айының аяғында Лондонда өтеді.

Банкке келіп түскен мәліметтер бойынша, mukhtarablyazov есімді Twitter пайдаланушысы сайт бетінде өзінің жеке жинақ ақшасы есебінен 250 мың долларды аударғандығы туралы хабарлама жазған. Мұндай төлем Англия Жоғарғы сотының бұйрығын тікелей бұзу болып табылады Әбілязов өз заңгерлері арқылы Банк заңгерлерінің сұрақтарына жауап берген кезде өзінің mukhtarablyazov есімді Twitter пайдаланушысы еместігін мәлімдеген. Сондай-ақ Әбілязов ереуілге шыққан мұнайшыларды қолдауға ешқандай қаражат аудармағандығын мәлімдеді. Әбілязовтың пікірінше, оның есімін Twitter желісінде пайдалану және оның ереуілге шыққан мұнайшыларды қолдауға ақша аударғандығы туралы пікірдің таралуы арандату әрекеті болып табылады.

Банк бұл сұрақ бойынша тергеу ісін жалғастырады.

БАҚ-на арналған байланыс ақпараты:

тел. +7(727) 312 24 26, 261 89 28
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz