Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі Сауданы қаржыландыру бойынша Жаңартылатын Кепілдендірілген Кредиттік желі аясында екінші траншты өтеуге 175 млн. АҚШ долларын төледі

30.09.2011

Алматы, 2011 жылғы 30 қыркүйек – Бүгін БТА Банкі (бұдан кейін – «Банк») Сауданы қаржыландыру бойынша Жаңартылатын кепілдендірілген Кредиттік желісінің1  (бұдан кейін – RCTFF) келісімі аясында Аталмыш борыш2  бойынша екінші траншты өтеуге 175 млн. АҚШ долларын төлегендігі туралы хабарлады.

RCTFF бойынша Келісім шарттарына сәйкес Банк Аталмыш борышты төменде көрсетілген кесте бойынша өтеуі тиіс:

Өтеу мерзімі 31.03.2011 ж. дейін 30.09.2011 ж. дейін 31.03.2012 ж. дейін 30.09.2012 ж. дейін
Транш көлемі, АҚШ долларымен 175 000 000 175 000 000 175 000 000 173 186 047,18

Жоғарыда аталып өткендей, Аталмыш борыш бойынша бірінші траншты өтеу мақсатындағы төлем 2011 жылдың 31 наурызында толық көлемде және кестеге сәйкес жасалған еді. Бұл жағдай сауданы қаржыландыру құралдарын шығару және осы қаржы құралдарын шығару көмегімен экспорттық әрі импорттық келісімшарттарды қаржыландыруға арналған қаражатты тарту арқылы өтелген сомаларды Банктің игеруіне мүмкіндік береді.

RCTFF бойынша Келісім 2010 жылы аяқталған Банктің қаржылық міндеттерін қайта құрылымдау үдерісінің аясында Банк пен оның кредиторлары арасында жасалды. Банктің қаржы міндеттерін қайта құрылымдау Жоспарында мазмұндалған Үлкен қарыздың 3 Пакетінің шарттарына сәйкес қайта құрылымдалған негізгі қарыздың жалпы 698 186 047,18 АҚШ доллары сомасын сұрап отырған кредиторлар осы келісім бойынша Банктің контрагенттері ретінде әрекет етіп отыр. RCTFF келісімінің мақсаты –Қолайлы сауда мәмілелерін қаржыландыру мүмкіндігін Банкке ұсыну. Аталмыш келісімнің арқасында Банк клиенттері бәсекеге қабілетті шарттарда сауданы қаржыландыру бойынша жоғары сапалы өнімдер мен қызметтерді пайдалана алады.

БАҚ-на арналған байланыс телефондары:

тел. +7(727) 312 28 47, 250 53 78
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz


1Ағылшынша түпнұсқасы – Revolving Committed Trade Finance Facility

2Ағылшынша түпнұсқасы – Legacy Loan