Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкінің және Western Union компаниясының бірлескен акциясы

30.09.2011

Құрметті клиенттер!

Осы жылы өзінің 160 жылдығын атап өткелі отырған Western Union компаниясымен ынтымақтастығының 10 жылдығы құрметіне БТА Банкі арнайы акцияны іске қосады. БТА Банкінің 221 бөлімшесінің кез келгенінде 2011 жылғы 1 қазаннан бастап 30 қарашаға дейінгі кезеңде Western Union арқылы ақша аударған әрбір клиент 200 ақшалай жүлденің* біреуін ұтып алу мүмкіндігіне ие болады, соның ішінде:

  • 20 000 теңгеден 50 жүлде
  • 10 000 теңгеден 50 жүлде
  • 5 000 теңгеден 100 жүлде

* Ақшалай ұтысты алумен байланысқан салық БТА Банкімен төленеді.

Western Union компаниясы туралы

Western Union компаниясы – төлемдік қызметтердің әлемдік нарығындағы көшбасшылардың бірі. Vigo, Orlandi Valuta, Pago Facil сауда маркалары бар төлем жүйелерімен және заңды тұлғаларға қызмет көрсетуге маманданған Western Union (Western Union Business Solutions) бөлімшесімен бірге, Western Union компаниясы бүкіл әлем бойынша ақша аударымдарын жөнелтудің және алудың, төлемдерді жүзеге асырудың және ақшалай ордерлерді сатып алудың жылдам, сенімді әрі қолайлы әдісін тұтынушыларға ұсынады. Western Union, Vigo және Orlandi Valuta ғаламдық желісі әлемнің 200-ден астам елдері мен аумақтарындағы 470 мың клиентке қызмет көрсету орнын қамтиды. 2010 жылы Western Union 76 млрд. доллар сомасына бүкіл әлем бойынша жеке тұлғалар арасында 214 млн. транзакцияны өңдеді, сондай-ақ компания жеке және заңды тұлғалар арасында 405 млн. ақша аударымын жүзеге асырған. Қосымша ақпаратты компанияның www.westernunion.com ресми сайтынан алуға болады.

Сенімділік

Миллиондаған адамдар отбасына қолдау көрсету немесе күтпеген жағдайларда саяхатшыларды құтқару қажет болған жағдайларда, Western Union компаниясына жүгінеді. Әрбір ақша аударымы әлемдік кластағы озық қауіпсіздік жүйесімен қорғалған және ақша аударымының бақылау нөмірімен (MTCN) жабдықталған, ол ақша аударымын тез тауып алуға және оның мәртебесін анықтауға мүмкіндік береді.

Жылдамдық

Ақшаны жөнелткен соң бар-жоғы бірнеше минут ішінде оны алуға болады*. Western Union компаниясы жаңа электронды технологияларды және өзінің бірегей бүкіләлемдік компьютерлік желісін пайдаланады, ол әлемнің 200-ден астам елдері мен аумақтарына ақшалай аударымдарды жедел төлеуге мүмкіндік береді.

Қолайлылық

Сізге банкте шот ашудың қажеті жоқ, өйткені Сіз бүкіл әлем бойынша Western Union 410 000** қызмет көрсету орындарының кез келгенінде ақшалай аударымды жөнелте аласыз және ала аласыз.

* ақшалай қаражаттарды аудару кезінде қызмет көрсету орнының жұмыс тәртібін және сағаттық белдеулер арасындағы уақыт айырмашылығын ескеру керек.

** Кейбір елдерде ақшалай аударымдарды төлеу бойынша ғана қызметтер көрсетіледі, ақша аударымдарын жөнелту бойынша қызметтер мұндай елдерде көрсетілмейді.

БТА Банкімен ынтымақтастық

Western Union және БТА Банкі арасындағы ынтымақтастық 2001 жылдан бастау алады, яғни «ТұранӘлем Банкінің» Алматы филиалы «Отырар» бөлімшесінде алғашқы ақша аударымы жасалды. Бүгінгі таңда бұл ынтымақтастық:

  • Қазақстан бойынша теңгедегі және АҚШ долларындағы ақша аударымының тиімді тарифтерін
  • ақша аударымын ресімдеудің жоғары жылдамдығын және қарапайымдылығын
  • сенімділікті және құпиялылықты
  • қызмет көрсету орындарының кең желісін қамтиды.

Western Union ақша аударымын қалай жіберуге болады?

  1. Ақшаны жөнелту үшін қысқаша нысанды толтырыңыз
  2. Толтырылған нысанды, жөнелтілетін соманы, жеке басын куәландыратын құжатты, және аударым үшін төлемді операторға беріңіз.
  3. Оператор аударым туралы ақпаратты жүйеге енгізеді және электронды өтінішті басып шығарады, оған Сіз қолыңызды қоясыз.
  4. Аударымды жіберген соң Сізде ақша аударымының бақылау нөмірі бар электронды өтініштің көшірмесі қалады.
  5. Өзіңіздің алушыңызға хабарласып, оған ақша аударымы сомасын, аударымды жөнелтуші елді, сондай-ақ аударымның бақылау нөмірін хабарлаңыз.

Western Union ақша аударымын қалай алуға болады?

  1. Жөнелтушінің атын, аударым сомасын, ақша аударымын жөнелту елін көрсете отырып, ақшаны алу туралы қысқаша нысанды толтырыңыз
  2. Толтырылған нысанды жеке куәлікпен бірге Western Union қызмет көрсету орнының операторына ұсыныңыз
  3. Оператор Сізге ақша аударымын және түбіртекті береді.

Есте сақтау:

  • Алушы ақша аударымын алғаны үшін комиссия төлемейді
  • Қазақстан заңнамасына сәйкес, БТА Банкінің бөлімшелеріне алғаш хабарласқан жағдайда, сізге СТТН куәлігін көрсету керек.
  • Бір күндегі ең көп ақша аударымы сомасы 7 400 АҚШ долларын (теңге түріндегі соманың баламасы) құрайды.

Western Union жүйесі туралы толығырақ>>