Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«Формула Успеха» депозитінің 10 жылдығы құрметіне қазан айында ақшалай жүлделердің мерейтойлық ұтыс ойыны өткізіледі

12.10.2011

Құрметті салымшылар!

Қуанышты жаңалығымызбен бөлісуге асықпыз: биыл «Формула успеха» депозитіне 10 жыл толып отыр, осы мерейтой құрметіне 15 қазанда «Формула успеха» депозитінің салымшылары арасында әрқайсысы 150 000 теңгелік 10 ақшалай жүлде ұтысқа түседі! Тағы бір қуанышты жайт: «Формула Успеха» және «Пенсионный» депозитінің салымшылары арасында әрқайсысы 10 000 теңгелік 564 ақшалай жүлденің дәстүрлі ұтыс ойыны өткізіледі!

Қатысу шарттары

1. Бұл ұтыс ойынына «БТА Банкі» АҚ-ның «Формула Успеха» депозитіне және/немесе «Пенсионный» депозитіне төмендегі шарттарға сай келетін салымдарды салған жеке тұлғалар қатыса алады:

    а) салым мөлшері – 15 000 теңгеден немесе 100 АҚШ долларынан/евродан бастап – «Формула Успеха» депозитінде, 3 000 теңгеден немесе 25 АҚШ долларынан/евродан бастап – «Пенсионный» депозитінде;

    б) орналастыру мерзімі – 3 айдан кем емес

    в) орналастыру уақыты – 2011 жылғы 1 қазанда 9:00-ге дейін (жергілікті уақыт)

2. Ұтыс ойынына «БТА Банкі» АҚ-ның бүкіл 22 филиалының салымшылары қатысады».

3. Осы ұтыс ойынының жүлде қоры:

    а) 150 000 теңгеден 10 жүлде және 10 000 теңгеден 379 жүлде – «Формула Успеха» депозитінің салымшылары арасында;

    б) 10 000 теңгеден 185 жүлде – «Пенсионный» депозитінің салымшылары арасында.

    Ақшалай ұтысты алумен байланысқан барлық салықтарды «БТА Банкі» АҚ өз есебінен төлейді.

4. Жеңімпаздарды кездейсоқ сандарды таңдау әдісіне негізделген «Бинго» бағдарламасы көмегімен компьютер анықтайды. Жеңімпаздарды таңдау ұтыс ойынына қатысатын салымшылардың шот нөмірлері арасында жүзеге асырылады. Салымшының «БТА Банкі» АҚ-да бірнеше салымы болса, ұтыс ойынына салымның бір ғана нөмірі қатысады.

5. Жеңімпаздарды анықтау процедурасына қатысқысы келетін «БТА Банкі» АҚ-ның клиенттері мен салымшылары өз филиалында ұтыс ойынының өткізілетін уақыты мен жерін анықтай алады.