Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«Карт-бланш» корпоративтік карталары бойынша акция

12.10.2011

Құрметті компания басшылары!

Егер Сіздің қызметкерлеріңіз қызметтік қажеттілікке байланысты іссапарларға жиі шықса, автокөлік пайдаланса, тауарларды, қызметтерді, кедендік баждар мен салықтарды төлесе, онда Сіз БТА Банкінің дебеттік және кредиттік корпоративтік карталарының* көмегімен олармен атқарылатын операциялардың есебін едәуір жеңілдетіп, бухгалтерия шығындарын азайта аласыз.

Егер де Сіз осы ыңғайлы әрі тиімді банк өнімін әлі пайдаланып көрмесеңіз, Сіз үшін арнайы "Карт-бланш" акциясын іске қосамыз. 2012 жылдың 10 қаңтарына дейін БТА Банкінде дебеттік және кредиттік корпоративтік картаны ашыңыз, сонда Сіздің картаңызға бірінші жылы тегін қызмет көрсетіледі.

* Visa Business Electron (3 жылға), Visa BusinessjMasterCard Вusiпеss (1 жылға).

Дебеттік корпоративтік карталардың артықшылықтары:

  • Қызметкерлердің іссапарлық, шаруашылық және өкілдік шығындарын есепке алуды жеңілдету, бухгалтерия шығындарын азайту;
  • pos-терминалдан түбіртекті ұсынған жағдайда, кедендік жүкті жылдам ресімдеу;
  • бүкіл дүние жүзі бойынша банкоматтар мен терминалдарда тәулік бойы қызмет көрсету;
  • шекарадан өткен кезде ақшаны декларациялау талап етілмейді.

Кредиттік корпоративтік карталар дебеттік карталардың артықшылықтарынан тұрады және оған жаңғыртылатын кепілсіз кредитті пайдалану мүмкіндігі қосылады.

Егер Сізді біздің ұсынысымыз қызықтырса, дебеттік және кредиттік корпоративтік карталарды ресімдеу шарттары туралы толық ақпаратты сізге қызмет көрсететін менеджерден, сонымен қатар БТА Банкінің Байланыс орталығының төмендегі телефондары арқылы біле аласыз: .

    + 7 (727) 2 500 111, 2 500 222 - Алматы қ. Үшін
    8 8000 800 111 – ҚР бойынша қалалық телефондардан қоңырау шалу үшін тегін нөмір
    7111 – ҚР барлық ұялы байланыс операторларының абоненттері үшін тегін нөмір

БТА Банкімен бірге өзіңіздің бизнесіңіз үшін жаңа мүмкіндіктер ашыңыз!