Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі электрондық үкіметтің www.e.gov.kz порталымен құрастырылған құжаттарды қарауға қабылдайды

13.10.2011

Құрметті клиенттер!

Егер Сіз өз уақытыңызды бағалап, оны банк өнімдерін ресімдеу үшін қажетті анықтамаларды алуға жұмсағыңыз келмесе, www.e.gov.kz. мекенжайы бойынша «электрондық үкімет» порталының қызметтерін пайдалануға кеңес береміз.

Осы бірыңғай ресурстың көмегімен Сіз Қазақстан Республикасы, үкімет, заңнама, біздің еліміздің назар аударарлық орындары туралы ресми ақпаратты алып қана қоймайсыз, сонымен қатар әр алуан мемлекеттік қызметтерді пайдалана аласыз. Мысалға, онлайн режимде салықтарды немесе айыппұлдарды төлей аласыз, өзіңізде жылжымайтын мүліктің бар-жоғы, зейнетақы жинақтарыңыздың мөлшері, тұратын жеріңіздің мекенжайы туралы анықтаманы және т.б. мәліметтерді ала аласыз.

«Электрондық үкімет» порталының арқасында Қазақстан Республикасының азаматтары мен қонақтары әр түрлі инстанцияларда кезекте тұрып, уақыт өткізу машақатынан босайды, өйткені мемлекеттік қызметтердің он шақты түрін компьютеріңіз арқылы қашықтан алуға болады.

Бүгінгі таңда «электрондық үкімет» порталында ҚР әр алуан мемлекеттік ведомстволарының, атап айтқанда: әділет, білім беру, ішкі істер, ауыл шаруашылығы, еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктерінің, сонымен қатар Жоғарғы сот пен Салық комитетінің 74 электрондық қызметіне қол жеткізуге болады.

Қазақстан Республикасының 07.01.2003 жылғы N 370-II «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» заңына сәйкес электрондық құжат электрондық құралдар арқылы құрылуы, жіберілуі, сақталуы және берілуі мүмкін. Осы Заңның талаптарына жауап беретін электрондық құжат қағаз тасығыштағы құжатқа барабар. Сондықтан БТА Банкінің кейбір қызметтерін алу үшін Сіз www.e.gov.kz порталымен құрастырылған құжаттарды пайдалана аласыз.

«Электрондық үкіметтің» қызметтеріне қол жеткізу үшін Сіз Жеке тұлғаның (ЖСН) немесе заңды тұлғаның (БСН) сәйкестендіру нөмірінің көмегімен www.e.gov.kz порталында тіркелуіңіз қажет, сонымен қатар электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алуыңыз керек. Тіркелу және ЭЦҚ алу жөнінде барлық қажетті нұсқаулықтар порталдың тиісті бөлімдерінде берілген.

Электрондық-цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжатты алғаннан кейін Сіз ол құжатты басып шығарып, оны қалған құжаттармен бірге БТА Банкінің сізге қызмет көрсететін қызметкеріне ұсынуыңыз қажет.