Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі 2011 жылғы бірінші жарты жылдық қаржы қорытындылары бойынша конференц-қоңырауын өткізеді

21.10.2011

Алматы, 2011 жылғы 21 қазан – БТА Банкі (әрі қарай – «Банк») инвесторларды, акционерлерді және кредиторларды 2011 жылғы бірінші жарты жылдық Банктің қаржы қорытындыларын талқылау үшін конференц-қоңырауларға шақырады.

Конференц-қоңырау 2011 жылғы 28-қазан күні Алматы уақыты бойынша сағат 19:00 /14:00 BST (Британдық жазғы уақыт бойынша)/ 9:00 EST (Оңтүстік америкалық Шығыс уақыты бойынша) өткізіледі. Оған Директорлар кеңесінің Төрағасы Әнуар Сәйденов, Басқарма Төрағасының орынбасары Берік Өтемұрат, Басқарма Төрағасының орынбасары, Қаржы директор Асхат Бейсенбаев қатысады. Банктің топ-менеджменті конференц-қоңырау қатысушыларына Банк таныстырылымын ұсынады, сауалдар мен жауаптар сессиясы жүргізілмейді.

Осыған байланысты, Банк барлық қатысушыларға оларды қызықтыратын сауалдарын таныстырылым барысында хабардар ету мақсатында 2011 жылғы 24 қазанға дейін e_Mambetova@bta.kz мекенжайға жіберуін сұрайды. ХҚЕС (МСФО) стандарттары негізінде тексерілген Банктің 2011 жылғы бірінші жарты жылдыққа арналған қаржылық есептілігімен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: http://www.bta.kz/en/investor/reports/finst/"

Банктің таныстырылымы конференц-қоңырауды өткізгенге дейін екі сағат бұрын Банктің ресми сайтындағы келесі сілтеме бойынша қол жетімді болады: http://www.bta.kz/en/investor/pw/"

ТІРКЕУ:

Барлық қатысушылар келесі сілтеменің көмегімен алдын ала тіркеуден өтуі тиіс: http://emea.directeventreg.com/registration/event/20545315"

Конференц-қоңырау өткізілетін күні әрбір тіркелген қатысушы тиісті телефон нөмірін тергеннен кейін және тіркеу барысында ұсынылатын өзінің тіркелген нөмірі мен паролін енгізгеннен кейін әңгімеге автоматты түрде қосылады.

Төменде 2011 жылғы 10 қарашаға дейін қол жетімді болатын қоңырау жазбаларына қол жеткізудің толық мәліметтері ұсынылған:

  • Қайта тыңдауға қол жеткізу нөмірі: 20545315#
  • Халықаралық қоңырау шалу нөмірі: +44 (0) 1452 55 00 00
  • Ұлыбританиядан тегін қоңырау шалу нөмірі: 0800 953 1533
  • Ұлыбритания аумағындағы қоңыраулар үшін: 0845 245 5205

Инвесторларға арналған байланыстар

тел. +7(727) 250 4085
e-mail: pr@bta.kz
http://www.bta.kz"

БАҚ арналған байланыстар

тел.: +7(727) 312 2426
e-mail: pr@bta.kz
http://www.bta.kz"