Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ кезектен тыс акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарламасы

21.10.2011

«БТА Банкі» Акционерлік қоғамы, орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, «Самал-2» ықшам ауданы, Жолдасбеков к-сі, 97, 2011 жылғы 18 қазандағы №43 Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес «БТА Банкі» АҚ кезектен тыс акционерлердің жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлайды.

Кезектен тыс акционерлердің жалпы жиналысын шақыру бастамашысы «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесі болып табылады.

«БТА Банкі» АҚ кезектен тыс акционерлердің жалпы жиналысы 2011 жылғы «29» қарашада сағат 11:00, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., «Самал - 2» ықшам ауданы, Жолдасбеков к-сі, 97, «Блок, А2», «Конференц зал, 2-ші қабат мекенжайы бойынша өткізіледі. Акционерлерді тіркеу сағат 9:30 басталады.

«БТА Банкі» АҚ кезектен тыс акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқылы Акционерлердің тізімі 2011 жылғы 29 қазандағы жағдай бойынша әзірленеді.

«БТА Банкі» АҚ кезектен тыс акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі:

  1. «БТА Банкі» АҚ Санақ комиссиясының құрамын өзгерту туралы;
  2. «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне төленетін сыйақы мөлшерін, шығындарды төлеу және өтеу шарттарын қарастыратын ішкі нормативтік құжатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;
  3. «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесі құрамының өзгеруі туралы»;

«БТА Банкі» АҚ fкционерлерін кезектен тыс акционерлердің жалпы жиналысының жұмысына қатысуға шақырамыз. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі және өткізу мәселелеріне қатысты ақпаратпен және материалдармен келесі телефондар арқылы танысуға болады: +7 (727) 2 66 72 54; +7 (727) 2 66 72 69, e-mail: o_pitulova@bta.kz

Кворум жиналмаған жағдайда, Акционерлердің жалпы жиналысы 2011 жылғы 30 қараша күні сағат 11:00, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., «Самал - 2» ықшам ауданы, Жолдасбеков к-сі, 97, «Блок, А2», «Конференц зал, 2-қабат мекенжайы бойынша қайта өткізіледі. Акционерлерді тіркеу сағат 9:30 басталады.

Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заң талаптарына сәйкес Акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беруге акциялары номиналды иеліктегі және Орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде мәліметтері тіркелмеген меншік иесіне тиесілі акционерлер жіберілмейді.

Кезектен тыс акционерлердің жалпы жиналысына қатысу үшін жеке-тұлға - акционерлердің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс.

Акционерлердің өкілдері (заңды немесе жеке тұлғалар) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген, акционер болып табылатын заңды тұлғаның мөрімен немесе нотариустың мөрімен нотариалды куәландырылған сенімхаты және өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс.

Заңды тұлғалар-акционерлер Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы» заңының 17-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінің талаптарына және Конкурстық кредиторлардың жалпы жиналысымен 2010 жылғы 28 мамырда бекітілген Ақпараттық Меморандумның «БДҚ бағдарламасы» тарауының талаптарына сәйкес олардың акционерлерімен Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы» заңының аталмыш нормаларының талаптарын орындауs туралы өтініш ұсынуы тиіс.

Байланыстар үшін:

«БТА Банкі» АҚ Корпоративтік хатшы көмекшісі
Питулова Ольга Владимировна
+7 (727) 266-72-69, E-mail: o_pitulova@bta.kz