Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі желісі арқылы төлеп, Air Astana ұшақтарымен ұшыңыздар

28.10.2011

Бақыт - жолы болғыш адамдарды ұнатады және оларды өзінің сыйлықтарымен жиі қуантады - деп бекер айтпаса керек. Бұл жолы да, бақыт жолы болғыш – Астанадағы бизнес-жаттықтырушы Наталья Нигматулинаның еншісіне бұйырды. БТА Банкі мен Air Astana әуе компаниясының ортақ акциясы аясында өткен ұтыс қорытындысы бойынша Наталья жеңімпаз атанды. Оған негізгі сыйлық - әуе компаниясының кез келген бағыты бойынша екі жаққа аиабилеті бұйырды.

Акцияның мәні БТА Банкі желісі – Интернет-банкинг және Cash&Pay төлем терминалдары арқылы Air Astana авиабилеттерін сатып алу болып табылады. Акция 2011 жылғы 1 мамырдан 31 тамызға дейін бүкіл Қазақстан бойынша өткізілді.

Одан әрі, БТА Банкінің астаналық филиалының Бөлшек бизнес жөніндегі Директордың орынбасары Гүлжан Кустубаева бақытты жеңімпазға сыйлық сертификатын табыс ете отырып, Натальяны жеңісімен құттықтады және БТА баламалы қызмет көрсету желілерін белсенді пайдалануына кеңес берді.

Наталья, өз кезегінде, осындай салиқалы сыйлық үшін БТА Банкіне және Air Astana компаниясына алғысын білдіріп, акциядағы ұтыс оған үлкен тосын сый болғанын жасырмады: «тағдырдың еркесі» екендігімді жасырмаймын, дегенмен, әрдайым жолым болғыштығын біле тұра, ұтыс туралы хабарлағанда, қатты таң қалдым. Демалыста шетелге ұшу мүмкіндігін ұсынған БТА Банкіне және Air Astana компаниясына үлкен рахмет!».

Натальямен әңгіме барысында, бизнес-жатықтырушының жұмысы жиі ұшып жүрумен байланысты екендігі айқын болды, кем дегенде, айына үш рет ұшақ бортына көтеріледі екен. Айтпақшы, сол бақытты авиабилет ірі желілік компания қызметкерлерінің мотивациясын арттыру мақсатында Ақтөбеге іссапармен бару үшін сатып алынған.

Мұнда да жолының болғыштығы себеп болды: «Кейбір отбасы жағдайына байланысты ұшу керек пе, жоқ па деп ойланған болатынмын. Сол уақытта дұрыс шешім қабылдап, Ақтөбеге барғаным өте орынды болды!» - деп есіне алады Наталья.

БТА Банкінің клиенті болуы да кездейсоқтық екен: Cash&Pay төлем терминалы арқылы сол бақытты авиабилетті сатып алу тренингке тапсырыс беруші-компаниямен ресімделген. Бұдан былай, жеңімпаздың бұл банкке сенімі мол, және осының растамасы ретінде, ол осы банктен есептік шот ашып, карточканы ресімдеді және одан әрі БТА Банкінің барлық баламалы қызмет көрсету арналарын дербес пайдаланамын - деп шешті.

Бірақ, мұның барлығы кейінірек, әзірше, жемісті бизнес-жаттықтырушы демалысты қайда өткізуді, қайда ұшып баруды ойлайды: «Менің балаларым шетелде тұрады, ал мен Парижде немесе Лондонда жәй ғана турист ретінде саяхаттауды армандаймын».

«БТА Банкінің клиенті болу керек пе, жоқ па – деп ойланып жүргендер үшін, - Наталья – «керек» деп кеңес береді, және бұл тілегі оның жеке тәжірибесіне байланысты туындады. Айтқандай, жолы болғыштығының құпиясын өзінің туа біткен оптимизміне байланысты екендігін және өмірге деген оң көзқарасымен түсіндіреді: «Әлемге әрдайым ашық болу, адамдарды жақсы көру және өз ісіңді жан-тәніңмен орындау!».