Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкінің Visa картасымен төлем жүргізіп, 8 500 теңге ұтып алу мүмкіндігіне ие болыңыз!

01.11.2011

Құрметті клиенттер!

Visa International ірі халықаралық төлем жүйесі Visa және Visa Electron карталарының иелері арасында жаңа бірегей – «Visa. Байқап көріңіз – Сізге ұнайды» акциясын іске қосты.

2011 жылғы 1 қазаннан бастап 2012 жылғы 31 қаңтар аралығында кез келген тауарларды және қызметтерді Visa картасының көмегімен төлеңіз, сонда 8 500 теңгеден 600 ақшалай ұтыстың біреуін ұтып алу мүмкіндігіне ие боласыз!

Акцияның шарттары:

1. «Visa. Байқап көріңіз – Cізге ұнайды» акциясы (әрі қарай мәтін бойынша – «Акция») 2011 жылғы 1 қазаннан бастап қоса алғанда 2012 жылғы 31 қаңтар аралығында өткізіледі. Акцияға тапсырыс беруші – Visa International компаниясы, ал жарнамалық акцияның ұйымдастырушысы - «EMCG» ЖШС (әрі қарай мәтін бойынша – «Ұйымдастырушы»). Ұйымдастырушының мекенжайы: Төле би к-сі, 83, 050012, Алматы қ., Қазақстан.

2. Акцияға 18 жасқа толған акцияға қатысушы банктердің бірі шығарған Visa және/немесе Visa Electron карталарын (әрі қарай мәтін бойынша – «Visa картасы») ұстаушылар қатыса алады.

3. Акция қатысушысы болу үшін Visa картасын ұстаушы көрсетілген уақыт аралығында Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерде сауда және сервис кәсіпорындарында, сонымен қатар жанар-жағар май құю бекеттерінде Visa картасын қолданып, тауарларды және/немесе қызметтерді төлеу бойынша кем дегенде 1 (бір) операцияны атқаруы тиіс.

4. Қатысушы акция шарттарына сәйкес келетін операцияларды неғұрлым көп атқарса, оның жүлде ұтып алу мүмкіндігі соғұрлым көп болады.

5. Бір қатысушы бір ғана жүлде ұта алады.

6. Акцияның жүлде қоры Visa компаниясынан 600 (алты жүз) ақшалай ұтысты құрайды, оның әрқайсысының мөлшері 8500 теңгеге тең. Жүлде иегерлері ұтыс ойынын кездейсоқ сандарды алу әдісімен өткізу арқылы анықталады. Жүлделер ұтысы әрқайсысында 150 жүлдеден ойнатылатын 4 (төрт) сатыдан тұрады әрі олар 2011 жылғы 15 қарашада, 2011 жылғы желтоқсанда, 2012 жылғы 16 қаңтарда және 2012 жылғы 15 ақпанда өткізіледі. Ұтыс қорытындылары нотариалды куәландырылады.

7. Барлық ұтыс қорытындылары www.visa.com.kz/promo сайтында жарияланады.

8. Қатысушылар ұтыс қорытындыларымен www.visa.com.kz/promo сайтынан таныса алады.

9. Жүлдені алу тәртібі және мерзімдері:

9.1. 8500 теңге сомасындағы ақшалай сыйлық 4 (төрт) ұтыс ойынының бірінде жүлде ұтқан акция қатысушысының Visa картасына аударылады. Ұтыс жеңімпаздарының Visa картасына ақшалай жүлделерді аудару әрбір ұтыс ойыны өткізілгеннен кейін бір айдың ішінде жүргізіледі.

9.2. Жүлдеге қол жеткізген тұлға жүлдені үшінші тұлғаға табыс етуін талап етуге құқықсыз.

10. Акцияның жалпы шарттары:

10.1. Қатысушы акцияға қатыса отырып, акцияға қатысу Ережелерімен және барлық шарттарымен танысқандығын және келіскендігін растайды.

10.2. Жүлдені беруге байланысты салықтарды төлеу бойынша міндеттемені акцияны Ұйымдастырушы көтереді.

10.3. Акцияны өткізуге байланысты барлық мәселелер бойынша Ұйымдастырушының шешімдері, сонымен қатар акцияны өткізу нәтижелері шешуші болып табылады және барлық қатысушыларға таралады.