Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

WESTERN UNION компаниясы жер сілкінісінен зардап шеккен Түркиядағы Ван қаласына жөнелтілетін ақша аударымдарынан алынатын төлемді уақытша тоқтатты

03.11.2011

WESTERN UNION ТҮРКИЯДАҒЫ ҚЫЗЫЛ ЖАРТЫ АЙ ҚОҒАМЫНЫҢ ПАЙДАСЫ ҮШІН 50 000 АҚШ ДОЛЛАРЫН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК РЕТІНДЕ БӨЛІП, АУДАРЫМ ШОТЫН АШТЫ

Алматы, 2011 жылғы 3 қараша – Ақша аударымдары саласында әлемдік көшбасшы болып табылатын Western Union (NYSE: WU) компаниясы өзінің серіктесімен бірлесе отырып, Түркиядағы зілзала аймағы - Ван қаласына Western Union компаниясының бүкіл әлем бойынша қызмет көрсететін қосындарынан жөнелтілетін ақша аударымдары үшін «Комиссиясыз аударым*» науқанын іске қосты.

Ақша аударымдарын 2011 жылдың 27 қазанынан бастап 25 қарашаға дейінгі аралықта қызмет көрсету орындары қолжетімді, тиісті валюта мен сервис жұмысы болған жағдайда Түркияның Ван қаласына комиссиясыз жөнелтуге болады. Түркиядағы достарына немесе туыстарына ақша аударғысы келетін клиенттер Western Union компаниясының осы бағдарламасына қатысатын ең жақын қызмет көрсету қосынынан, сонымен қатар телефон немесе Интернет арқылы www.westernunion.com сайтынан қаржы жөнелте алады.

Сонымен қатар, Western Union Қоры «Түркияның Қызыл Жарты Ай» ұйымының пайдасы үшін сұрапыл апаттың салдарымен күресуге бағытталатын 50 000 АҚШ долларын аударды. Бұл ретте Western Union Қоры компанияның әрбір қызметкерінің ары қарай Түркияның Қызыл Жарты Ай ұйымының атына аударылатын ақшалай көмегінің мөлшерін ұлғайтуға дайын. Компанияның АҚШ-тағы қызметкерлерінің ақшалай қайырымдылық көмегі екі есе, ал басқа мемлекеттердегі қызметкерлерінің ақшалай көмегі үш есе ұлғайтылатын болады. Осылайша әрбір қызметкердің ақшалай көмегі Қор есебінен 100 000 АҚШ долларына дейін ұлғайтылуы мүмкін.

«Осынау қиын-қыстау кезеңде Western Union менің туған елім Түркия халқының қайғысына ортақтасып отыр, - дейді Western Union компаниясының президенті және бас атқарушы директоры Хикмет Эрсек (Hikmet Ersek). – Зілзала біздің Түркияда қызмет атқаратын компанияның бизнесіне де ықпал етті. Қазір Western Union өзінің серіктестерімен біріге отырып зардап шеккен аймақтарда клиенттерге қызмет көрсетуін толығымен қалпына келтіру үшін жұмыс жасауда. Мен қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтамын. Біз сұрапыл апаттан зардап шеккендердің барлығының қайғысына шын жүректен ортақтасамыз».

Қаржы аударып, Түркия еліне зілзаланың зардаптарымен күресуге көмектескісі келетін тұлғалар мен компанияларына арнап Western Union Қоры бүкіл әлем бойынша клиенттеріне Western Union Quick PaySM, Quick Collect® немесе Western Union® Аударымдар (сыртқы пішіні көк түсті) қызметін көрсететін қосындардан тегін ақша аударуға мүмкіндік беретін арнайы шотты іске қосты. Бұл жағдайда аударымды алушы ретінде WESTERNТ UNION FOUNDATION көрсетіліп, қала коды - WUFOUNDATION, шот нөмірі: TURKEY – Түркияның Қызыл Жарты Ай ұйымының (Turkish Red Crescent) пайдасы үшін деп белгіленеді. Western Union компаниясы Түркияның Қызыл Жарты Ай ұйымының пайдасы үшін 5 000 АҚШ долларына дейінгі қаржыны комиссиясыз жөнелту мүмкіндігін ұсынып отыр.

* Ақша аударымдарын жөнелту кезінде ел ішіндегі валюта алмастырудың ресми бағамы мен Western Union-ның ішкі бағамы арасында айырмашылық туындаған жағдайда, Western Union бағамдағы айырманы шегеруі мүмкін.

Western Union компаниясы жөнінде

Western Union (NYSE: WU) компаниясы – әлемдік төлем қызмет нарығындағы көшбасшылардың бірі. Vigo және Orlandi Valuta сауда белгілерімен көрсетілген ақша аударымдары жүйесі және заң тұлғаларына қызмет көрсетуге мамандандырылған Western Union бөлімшесімен (Western Union Business Solutions) бірге Western Union компаниясы тұтынушыларға дүние жүзі бойынша ақша аударымдарын жөнелту мен оны қабылдау, төлемдерді жүзеге асырудың және ақша ордерін сатып алудың жылдам, сенімді әрі ыңғайлы тәсілін ұсынады. Western Union, Vigo және Orlandi Valuta-ның жаһандық желісіне әлемнің 200-ден аса елі мен аймағындағы клиенттерге қызмет көрсетудің 445 мыңнан астам пункті еніп отыр. 2010 жылы Western Union бүкіл әлем бойынша жеке тұлғалар арасында 76 млрд. доллар қаржыны құраған 214 млн. транзакцияны өңдеді. Сонымен қатар, компания жеке және заң тұлғалары арасында 405 млн. аударымды жүзеге асырды.