Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің 2011 жылғы 29 қарашаға белгіленген кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне толықтырулар енгізу туралы ХАБАРЛАМА

11.11.2011

Алматы қ.

«БТА Банкі» акционерлік қоғамы, орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, «Самал-2» ықшамауданы, Жолдасбеков көшесі, 97, Директорлар кеңесінің 2011 жылғы 4 қарашадағы №45 шешіміне сәйкес, «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің 2011 жылғы 29 қарашаға белгіленген кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне толықтырулар енгізу жөнінде өз акционерлерін хабардар етеді.

«БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесі «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің 2011 жылғы 29 қарашаға белгіленген кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне толықтыруларды енгізудің бастамашысы болып табылады.

Директорлар кеңесінің жоғарыда көрсетілген шешіміне сәйкес, «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің 2011 жылғы 29 қарашаға белгіленген кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне төртінші сұрақ енгізіледі: «Бағалы қағаздардың Recovery Unites, НИН XS 0532995049, және Senior Notes, НИН XS0532988770 сияқты түрлерін сатып алу/балансқа қабылдау туралы». «БТА Банкі» АҚ заемшыларының біреуінің банкротқа ұшырауы аясында өткізілген аукционда жоғарыда аталған бағалы қағаздардың сатылмай қалуына байланысты, осы сұрақ акционерлер жиналысының күн тәртібіне енгізіліп отыр.

Бұрын аталып өтілгендей, «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы 2011 жылғы 29 қарашада 11 сағат 00 минутта мына мекенжайда өткізіледі: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, «Самал-2» ықшамауданы, Жолдасбеков көшесі, 97, А2 блогы, мәжіліс залы, 2-қабат. Акционерлерді тіркеу 9 сағат 30 минутта басталады.

«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысу құқығы бар акционерлер тізімі 2011 жылғы 29 қазандағы жағдайы бойынша дайындалуы тиіс.

Қосымша енгізілген сұрақпен қатар «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне келесі сұрақтар кіреді:

  1. «БТА Банкі» АҚ Санақ комиссиясының құрамын өзгерту жөнінде»;
  2. «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақы мөлшерін, төлеу шарттарын және шығындар өтемін белгілейтін ішкі нормативтік құжатқа өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы»;
  3. «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесі құрамын өзгерту жөнінде»;
  4. «Бағалы қағаздардың Recovery Unites, НИН XS 0532995049, және Senior Notes, НИН XS0532988770 сияқты түрлерін сатып алу/балансқа қабылдау туралы».

«БТА Банкі» АҚ акционерлерін кезектен тыс жалпы жиналыстың жұмысына белсене қатысуға шақырамыз. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі және оны өткізу мәселелеріне қатысты ақпаратпен және материалдармен танысу үшін мына телефондарға хабарласуға болады: +7 (727) 266 72 54; +7 (727) 266 72 69, e-mail: o_pitulova@bta.kz.

Кворум болмаған жағдайда, акционерлердің жалпы жиналысы 2011 жылғы 30 қарашада 11 сағат 00 минутта мына мекенжайда қайта өткізіледі: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, «Самал-2» ықшамауданы, Жолдасбеков көшесі, 97, А2 блогы, мәжіліс залы, 2-қабат. Акционерлерді тіркеу 9 сағат 30 минутта басталады.

Қазақстан Республикасы «Акционерлік қоғамдар туралы» заңының талаптарына сәйкес, номиналды ұстаудағы акциясы бар акционерлер және орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ол туралы мәліметтер жоқ меншік иесіне тиесілі акциялар дауыс беруге қатыспайды.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысу үшін акционерлер – жеке тұлғалар өздерімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттарын алып келулері тиіс.

Акционерлердің өкілдері (заңды немесе жеке тұлғалар) Қазақстан Республикасының заңнамасын сәйкес рәсімделген, акционер болып табылатын заңды тұлғаның немесе нотариустың мөрімен нотариалды расталған сенімхатты және өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі тиіс.

Акционерлер – заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» заңына және 2010 жылғы 28 мамырдағы Конкурстық кредиторлардың жалпы жиналысымен бекітілген Ақпараттық меморандумның «БДҚ Бағдарламасы» тарауының талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» заңында көрсетілген норма талаптарын акционерлердің орындағандығы туралы өтінішті ұсынулары тиіс.

Байланысу үшін:
«БТА Банкі» АҚ Корпоративті хатшы көмекшісі
Ольга Питулова | +7 (727) 266-72-69 | o_pitulova@bta.kz