Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкімен Алматыда Western Union ақша аударымдары бойынша тәулік бойы қызмет көрсету орны ашылды

30.11.2011

Алматы, 2011 жылғы 30 қараша – Бүгін, БТА Банкі (әрі қарай – «Банк») Алматыда Western Union ақша аударымдары бойынша тәулік бойы қызмет көрсету орнын ашты. Банктік сервистің жаңа орны Абай даңғылы мен Жароков көшесінің қиылысындағы «Шебер» бөлімшесінде орналасқан. Салтанатты ашылуына Банктің Алматы филиалының Бастығы Гульмира Абильдинова, Western Union Аймақтық өкілдігінің Директоры Улугбек Умаров, сондай-ақ, тұрақты клиенттер және Банктің құрметті қонақтары қатысты.

Бұл БТА Банкі желісіндегі тәулік бойы жұмыс істейтін Western Union компаниясының екінші мамандандырылған бөлімі болып табылады. Бірінші бөлімі Астанада 2007 жылы ашылған болатын. Банктік сервистің осы екі бөлімінің бірегейлігі Western Union аударымдары бойынша тәулік бойы қызмет көрсетуінде. Қазіргі уақытта, осы тектес бөлімдер Қазақстанда да, Орталық Азия елдерінің аумағында да жоқ.

Western Union жаңа орны, іске қосылуы осы жылдың желтоқсанында жоспарланған алматы метрополитенінің соңғы аялдамасының жанында орналасқандығына клиенттердің ерекше назарын аудартқымыз келеді.

Сондықтан, қаладағы «Алатау» метро стансасының жанында орналасқан «Шебер» бөлімшесінде алғашқы тәулік бойы жұмыс істейтін Western Union бөлімін ашуға шешім қабылдадық, – деп мәлімдеді Банктің Алматы филиалының Директоры Гульмира Абильдинова – Жерасты тасымалдау магистралімен көршілес орналасуы біздің клиенттер үшін әлемнің кез келген жеріне және кез келген ыңғайлы уақытта ақша аударымдарын жібере алатын банктік қызметтердің қол жетімділігін маңызды арттырады деп сенеміз».

Биылғы жылы Банктің Western Union компаниясымен ынтымақтастығына 10 жыл толды. Осы айтулы мерекенің құрметіне біріккен акция өткізілді, осы акция аясында 2011 жылғы 1 қазаннан 2011 жылғы 30 қарашаға дейінгі кезеңде Банктің кез келген 221 бөлімшесінен ақша аударымдарын жүзеге асырған Банк клиенттері ақшалай сыйлықтар ұтып алу мүмкіндігіне ие болды.

Сонымен қатар, Western Union компаниясы Қазақстан бойынша ақша аударымдарына қатысты тарифтік саясатты қайта қарады. Енді, республика аумағы бойынша Western Union ақша аударымдарының құны 400 теңгеден басталады.

Банктің Алматы филиалының «Шебер» бөлімшесі 2007 жылы ашылған болатын, Бүгінгі күні, бұл – жоғары қызметтер көрсететін заманауи, ыңғайлы және әмбебап банктік сервис орталығы. Мұнда депозитті жылдам әрі оңай ашуға, кредитті ресімдеуге, төлем карточкасын шығаруға, валютаны сатып алуға немесе сатуға болады. Мұнда Интернет-банкинг жүйесінің және Cash & Pay төлем терминалдарының көмегімен әртүрлі қызметтерді төлеу мүмкіндігі ұсынылған. Сондай-ақ, «Шебер» бөлімшесінде Қазақстандағы ең ірі 1060 ұяшыққа арналған автоматтандырылған сейфтік депозитарий жұмыс істейді.

БАҚ арналған байланыстар:

тел. +7(727) 312 24 26, 261 89 28
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz