Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі өзінің міндеттемелерін қайта құрылымдау қажеттілігі туралы мәселені қарастыру үшін акционерлердің жалпы жиналысын шақырады

22.12.2011

Алматы, 2011 жылғы 22 желтоқсан – Бүгін, «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай – «Банк») Директорлар кеңесінің 2011 жылғы 19 желтоқсандағы № 51 шешіміне сәйкес Алматы қаласында 2012 жылғы 26 қаңтарда өткізілетін Банк Акционерлерінің жалпы жиналысын шақырылатындығы жөнінде жариялады.

Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібінде кредиторлармен мәмілеге келу мақсатында Банктің қаржылық берешегінің белгілі бір бөлігін қайта құрылымдау қажеттілігі туралы мәселе қаралады. Жоспарланған қайта құрылымдау 2010 жылы аяқталған қайта құрылымдау аясында Банкпен шығарылған кредиторлар алдындағы міндеттемелерге қатысты жүзеге асырылады.

Жиналысты шақыра отырып, Банк оның кредиторларының және акционерлерінің, соның ішінде ғаламдық депозитарлық қолхат ұстаушылардың мүдделеріне сүйенді.

Қайта құрылымдау қажетті шара болып табылады, оны дер кезінде қабылдау Банктің одан әрі қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, оның қаржылық жағдайын нығайтуға мүмкіндік береді, және келешекте – оның нарықтағы орнын қалпына келтіруге көмектеседі.

Жеке және заңды тұлғалардың депозиттері, кредиттері, ақшалай аударымдарды жүзеге асыру, сонымен қатар төлем карточкаларының операциялары бойынша қызмет көрсету қалыпты режимде жүргізіледі.

БАҚ арналған байланыстар:

тел. +7(727) 250 53 78
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz