Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Мұхтар Әбілязовты қамауға алу мәселесі бойынша сот тексеруі аяқталды

23.12.2011

Алматы, 2011 жылғы 23 желтоқсан – Бүгін, «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) Лондонның Жоғарғы сотында Банктің Директорлар кеңесінің бұрынғы Төрағасы Мұхтар Әбілязовты қамауға алу туралы БТА Банкінің өтініші бойынша сот тексеруі аяқталғандығын жариялады. Банк, Әбілязов активтерді тоқтату туралы өкімді және осыған байланысты ағылшын сотымен шығарылған активтердің сырттай басқарылуын (receivership) енгізу туралы бұйрықты бұзып, оның бақылауындағы активтерді басқарды, ол иемденген активтерге қатысты сотты адастырды және жалған ақпараттар берді деп Әбілязовқа айып тағып отыр.

Осы іс бойынша шешім келесі жылдың басында қабылданады деп жоспарланды. БТА Банкі бұл өтінішті активтердің одан әрі тоналуын тоқтату мақсатында Әбілязов мырзаға қарсы ұсынды.

Кредиторлардың алдындағы міндеттемелер аясында, БТА Банкі Англияда, Банк және оның кеңесшілері бұрынғы басшылықтың кейбір тұлғаларымен БТА активтері заңсыз тоналған деп санайтын транзакциялар топтамасына қатысты бірқатар шағымдар берді.

Анықтама үшін:

- Қамауға алу туралы сот тыңдауы Банктің Директорлар кеңесінің бұрынғы Төрағасы Әбілязов мырзамен және оның сыбайластарымен заңсыз иеленген миллиардтаған активтерді қайтару мақсатында Әбілязов мырзаға қатысты БТА Банкі дауларының бір бөлігі болып табылады.

- 2010 жылғы қарашада судья Тир Әбілязов мырзаның анықталған активтерінің сырттай, тәуелсіз басқарылуын (receivership) енгізу туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде сыртқы басқару бірнеше рет ауысты, енді, ол 600-ден астам компанияға тарады.

- БТА Банкі 2011 жылғы 16 мамырда Әбілязов мырзаны қамауға алу туралы өтініш берді.

- 2011 жылғы маусымда Әбілязов мырзаның қайын інісі және жақын қызметтесі Сырым Шалабаев сотқа құрметсіздік танытқаны үшін 18 айға қамауға алынды.

- Осы жылдың қазан айында ағылшын апелляциялық сотымен Мұхтар Әбілязовтың көмекшісі Пол Китреотис сотқа құрметсіздігі үшін 21 айға қамауға алынды.

- Бүгінгі күні, БТА Банкі Англияда Әбілязов мырзаға және басқа тұлғаларға қарсы тоғыз шағым берді. Барлық шағымдардың жалпы сомасы шамамен 5 млрд. АҚШ долларын құрайды.

БАҚ арналған байланыстар:

тел. +7(727) 312 24 26, 266 47 99
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz