Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

26.01.2012
Акционерлер жалпы жиналысының нәтижелері туралы
2012 жылғы 26 қаңтар, Алматы қ. – «БТА Банкі» АҚ бүгін Алматыда өткен Акционерлер жалпы жиналысының нәтижелері, сонымен қатар Банктің қаржылық берешегінің бір бөлігін қайта құрылымдаумен байланысты мәселелердің барысы туралы хабарлайды.

24.01.2012
Ақпараттық хабарлама
Алматы қ., 2012 жылғы 24 қаңтар - Бүгін «БТА Банкі» АҚ 2012 жылғы 23 қаңтардан бастап Директорлар Кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз Директор Константин Николаевич Корищенко мырзаның өкілеттігі өз бастамасымен тоқтатылғандығын хабарлады.

23.01.2012
Қайта құрылымдау процесі туралы жаңалықтар: БТА Банкі өз кредиторларымен кездесу белгіледі
Алматы қ., 2012 жылғы 23 қаңтар. – «БТА Банкі» АҚ 2012 жылғы 23 қаңтардан бастап өзінің Жоғары облигацияларын, дисконтымен Арнайы Борыштық Құралдарын, Реттелген Облигацияларын, Қалпына келтіру облигацияларын ұстаушылармен және Банктің сәйкесінше кредиторларының мүдделерін таныту мақсатында құрылатын Кредиторлар комитетіне кіруге ниет білдірген RCTFF қатысушыларымен (Саудалық Қаржыландыру бойынша Жаңғыртылатын Кепілдендірілген Кредиттік желі) кездесулер өткізуге уағдаласқаны туралы жариялауға қуанышты.

22.01.2012
Құрметті салымшылар!
Қазақстан Республикасының 28.12.2011ж. №524-IV «Тәуекелдерді төмендету бойынша банктік қызметтерді және қаржылық ұйымдарды реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Заңына сәйкес (1-баптың 22-тармағының 3-тармақшасы) жеке тұлғалардың депозиттері бойынша жоғары кепілдікті өтеу 5 000 000 (бес миллион) теңге мөлшерінде екендігін хабарлаймыз.

20.01.2012
БТА Банкінің Fitch Ratings рейтингінің өзгерістеріне қатысты түсіндірмелер
2012 жылғы 20 қаңтар, Алматы қ. – «БТА Банкі» АҚ, Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігімен жүргізілген жақын арадағы Банктің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингінің өзгерістері, еурооблигациялар бойынша сыйақыны төлеу мәселесін қоса алғанда, қаржылық институттың қаржылық берешегінің белгілі бөлігінің қайта құрылымдау процесін бастау туралы ұсынысының заңды әрекеті деп түсіндіреді.

18.01.2012
Құрметті клиенттер,
«БТА Банкі» АҚ 2012 жылғы 12 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында қор нарығын дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес сәйкестендірілген нөмірлерді (ЖСН/БСН) пайдалануға ауысу мерзімі 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзартылғандығын хабарлайды.

16.01.2012
Қайта құрылымдау процесі туралы жаңалықтар: мүдделі тұлғалармен алдын ала келіссөздер басталды
Алматы қ., 2012 жылғы 16 қаңтар – «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) ғаламдық депозитарлық қолхат (ҒДҚ) ұстаушыларға және кредиторларға кездесулерге қатысқандары және таныстыру барысында Брюссельдің, Франкфурттің, Женеваның, Лондонның, Майамидің, Мюнхеннің, Нью-Йорктің және Стокгольмнің инвесторлары үшін көрсетілген және ағымдағы жылдың 11 және 12 қаңтарда Банкпен ұйымдастырылған сындарлы көзқарастары үшін алғыс білдіреді.

16.01.2012
БТА Банкінің Visa төлем картасымен «Ақша ұтып ал!» акциясы бойынша соңғы ұтыс ойындарының қорытындысы!
Құрметті клиенттер! Біз, 2011 жылғы 15 желтоқсанда өткен БТА Банкінің Visa төлем картасымен «Ақша ұтып ал!» акциясы аясында ақшалай жүлделердің соңғы ұтыс ойындарының қорытындысы бойынша 78 жеңімпаз анықталғандығын қуана хабарлаймыз.

12.01.2012
Ақпараттық мәлімет
Алматы қ., 2012 жылғы 12 қаңтар - Бүгін, «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ өкілі Асқар Каримуллиннің өкілеттігі 2012 жылғы 11 қаңтардан бастап өз бастамасымен тоқтағандығын хабарлады.

12.01.2012
Құрметті клиенттер!
БТА банкінің Интернет-банкинг жүйесінде Beeline компаниясының «Интернет үйде» қызметін төлей аласыз.

11.01.2012
«БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесіндегі және Басқармасындағы өзгерістер туралы
Алматы қ., 2012 жылғы 11 қаңтар – Бүгін, «БТА Банкі» АҚ Зайыров Марат Зайырұлы мырзаның Банктің Басқарма Төрағасы өкілеттігінен денсаулығына байланысты өз қалауы бойынша босағандығын хабарлады.

05.01.2012
Құрметті клиенттер,
«БТА Банкі» АҚ сәйкестендірілген нөмірлерді (ЖСН/БСН) қолдануға ауысу мерзімі ұзартылғандығын (алдын ала 2012 жылғы 1 шілде) хабарлайды.

04.01.2012
Ақпараттық мәлімет
Алматы қ., 2012 жылғы 4 қаңтар – Бүгін, «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, кредиторлардың өкілі Маартен Лео Пронк мырзаның өз бастамасымен өкілеттіктерін тоқтатқандығы жөнінде хабарлады.