Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесіндегі және Басқармасындағы өзгерістер туралы

11.01.2012

Алматы қ., 2012 жылғы 11 қаңтар – Бүгін, «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай – «Банк») Зайыров Марат Зайырұлы мырзаның Банктің Басқарма Төрағасы өкілеттігінен денсаулығына байланысты өз қалауы бойынша босағандығын хабарлады.

Банк, кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған «М.З.Зайыров мырзаның Банк Басқармасының Төрағасы қызметінен банктік борыштарды қайта құрылымдау және активтерді, соның ішінде шетелдік активтерді қайтару амалдарына қатысты түсінбеушіліктерге байланысты босады» - деген мәліметтердің шындыққа жанаспайтындығын хабарлады.

Банктің Басқарма Төрағасының міндеттерін атқару Банктің Басқарма Төрағасының орынбасары Бейсенбаев Асхат Ниязбекұлына уақытша жүктелді.

Сондай-ақ, Банк 2012 жылғы 11 қаңтардан бастап Банктің Директорлар кеңесінің мүшесі, кредиторлардың өкілі К.Шефбек мырзаның өкілеттігі өз бастамасымен тоқтатылғандығын хабарлады.

БАҚ арналған байланыстар:

тел. +7(727) 250 53 78
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz