Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Қайта құрылымдау процесі туралы жаңалықтар: мүдделі тұлғалармен алдын ала келіссөздер басталды

16.01.2012

Алматы қ., 2012 жылғы 16 қаңтар – «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) ғаламдық депозитарлық қолхат (ҒДҚ) ұстаушыларға және кредиторларға кездесулерге қатысқандары және таныстыру барысында Брюссельдің, Франкфурттің, Женеваның, Лондонның, Майамидің, Мюнхеннің, Нью-Йорктің және Стокгольмнің инвесторлары үшін көрсетілген және ағымдағы жылдың 11 және 12 қаңтарда Банкпен ұйымдастырылған сындарлы көзқарастары үшін алғыс білдіреді.

Кездесуге 70 қаржы мекемелерінің шамамен 130 өкілі қатысты, онда Банк өзінің ағымдағы жағдайы туралы ақпаратты ұсынды және 2012 жылғы 26 қаңтарда Акционерлердің жалпы жиналысында акционерлермен қабылдануы тиіс шешімдер жайында толық түсіндірді.

БТА Банкі, Қайта құрылымдау және Қайта капиталдау Жоспарын әзірлеу мақсатында оны мақұлдаумен және бекітумен байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген процедуралар кешенін одан әрі жүргізу арқылы мүдделі тұлғалармен келіссөздер жүргізу жоспарланғандығын хабарлады. Осы мақсатта Банк, Кредиторлар комитетін қалыптастыру шараларын дайындау үшін 23 қаңтардан бастап бір апта бойы кредиторлармен алдын ала келіссөздер жүргізеді.

«БТА Банкі» АҚ Кредиторлар комитетін жедел қалыптастыру мақсатында кездесулерге өзінің Жоғары облигацияның, дисконтымен Арнайы Борыштық Құралдардың, Реттелген Облигацияның және Қалпына келтіру Облигацияның ұстаушыларын жедел түрде өздерін мүмкіндігінше сәйкестендіруге және олар иеленетін облигациялар санын BTA.Noteholders@lazard.fr электрондық мекенжайы арқылы Банктің қаржы бойынша кеңесшісі Lazard Frères компаниясына жария етуге шақырады.

БТА Банкі мүмкін болатын қайта құрылымдау міндеттемелері толық көлемде орындалатын салымшылардың мүдделерін ешқандай шектемейтіндігін, тағы да растайды. Банк депозиттер, кредиттер, жеке және заңды тұлғалардың ақшалай аударымдары және төлем карточкаларына қатысты операциялар бойынша қызметтерді қалыпты режимде жүзеге асырады.

БАҚ арналған байланыстар:

тел. +7(727) 312 24 26
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz