Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкінің Fitch Ratings рейтингінің өзгерістеріне қатысты түсіндірмелер

20.01.2012

2012 жылғы 20 қаңтар, Алматы қ. – «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай – «Банк»), Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігімен жүргізілген жақын арадағы Банктің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингінің өзгерістері, еурооблигациялар бойынша сыйақыны төлеу мәселесін қоса алғанда, қаржылық институттың қаржылық берешегінің белгілі бөлігінің қайта құрылымдау процесін бастау туралы ұсынысының заңды әрекеті деп түсіндіреді.

Банк бұрынғыша, қаңтардағы облигациялар бойынша сыйақыны төлеу мәселесі, қайта құрылымдау туралы алға қойылған мәселенің мәнінен тыс қарастырылмауы тиіс деген ұстанымда.

Қайта құрылымдау қажетті шара болып табылады, оны дер кезінде қабылдау банктің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, оның қаржылық жағдайын нығайтуға, нарықтағы орнын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Банк, қазіргі уақытта Қазақстан Ұлттық банкінің Қаржылық нарықты және қаржылық ұйымдарды бақылау және қадағалау комитетінің (ҚҚК) барлық реттеу талаптары онымен орындалып жатқандығын атап өтеді.

Банк, салымшылар алдындағы өзінің міндеттемелерін толық көлемде орындайтындығын және одан әрі орындауды жалғастыратындығын, ал банктің қайта құрылымдау процесі банктің ағымдағы операциялық қызметіне ешқандай кері әсерін тигізбейтіндігін ескертеді. Депозиттер, кредиттер, жеке және заңды тұлғалардың ақшалай аударымдарын жүзеге асыру бойынша операцияларға, төлем карточкалары бойынша операцияларға қызмет көрсету қалыпты режимде жүзеге асырылады.

БАҚ арналған байланыстар:

тел. +7(727) 312 24 26
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz