Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Қайта құрылымдау процесі туралы жаңалықтар: БТА Банкі өз кредиторларымен кездесу белгіледі

23.01.2012

Алматы қ., 2012 жылғы 23 қаңтар. – «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) 2012 жылғы 23 қаңтардан бастап өзінің Жоғары облигацияларын, дисконтымен Арнайы Борыштық Құралдарын, Реттелген Облигацияларын, Қалпына келтіру облигацияларын ұстаушылармен және Банктің сәйкесінше кредиторларының мүдделерін таныту мақсатында құрылатын Кредиторлар комитетіне кіруге ниет білдірген RCTFF қатысушыларымен (Саудалық Қаржыландыру бойынша Жаңғыртылатын Кепілдендірілген Кредиттік желі) кездесулер өткізуге уағдаласқаны туралы жариялауға қуанышты.

Егер басқа Жоғары облигацияларды, дисконтымен Арнайы Борыштық Құралдарды, Реттелген Облигацияларды, Қалпына келтіру облигацияларын ұстаушылар және RCTFF қатысушылары Кредиторлардың комитетіне қатысуға тілек білдірсе, олар өздерін сәйкестендіруі тиіс және электрондық хат арқылы BTA.Noteholders@lazard.fr мекенжайына Lazard Frères Банкінің қаржы кеңесшісіне олар иеленетін бағалы қағаздардың саны туралы ақпаратты жариялаулары керек.

Жұма күні, 2012 жылғы 27 қаңтарда сағат 14:00 (Лондон уақыты бойынша) Банк Лондон қаласындағы White&Case компаниясының офисінде өтетін кездесуде өзінің кредиторлары үшін таныстыру рәсімін өткізеді. Осы жиналысқа қатысқысы келетін кредиторлар келесі электрондық мекенжайға өтінім жіберулері керек: BTA.Noteholders@lazard.fr. Банк кредиторлардан олар иеленетін үлестің мөлшері туралы мәліметті жариялауды сұрайды, өйткені бұл Банктің бағалы қағаздарын иеленетін кредиторлардың құрамын жақсы түсінуге көмектеседі, сонымен қатар Банктің олармен тиімді өзара байланыс жасауына қолдау көрсетеді және Кредиторлардың комитетінде олардың мүдделерін тиісті түрде танытуды қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, Банк Жоғары облигацияларды және дисконтымен Арнайы Борыштық Құралдарды ұстаушыларға клирингтік жүйелер арқылы хабарлама бағыттауды қамтамасыз еткендігін хабарлайды. Ол хабарламада Банктің Директорлар кеңесінен кредиторлардың мүдделерін танытатын екі директор кеткеннен кейін, қазіргі уақытта бос болып тұрған кредиторлардың мүдделерін танытатын директор қызметіне кандидаттарды тағайындау ұсынылған. Тағайындау сәйкесінше клирингтік жүйелер негізінде тиісті электрондық нұсқауларды ұсыну арқылы 2012 жылғы 10 ақпан күні таңғы сағат 11:00 (Лондон уақыты бойынша) кешіктірілмей жүргізілуі тиіс. Белгіленген күннен кейін Банк тағайындау үшін кандидат ұсынған Жоғары облигацияларды және дисконтымен Арнайы Борыштық Құралдарды ұстаушыларға хабарласып, олардан кандидаттар туралы толық ақпаратты алады. Бұл Жоғары облигацияларды және дисконтымен Арнайы Борыштық Құралдарды ұстаушылар осы ақпараттың негізінде Облигация Ұстаушылардың кейінгі жиналыстарында дауыс беру үшін қажет.

Банк салымшылар алдындағы өзінің міндеттемелерін толық көлемде орындап жатқандығын және орындайтынын, ал қайта құрылымдау процесі банктің ағымдағы операциялық қызметіне ешқандай әсер етпейтінін ескертеді. Депозиттер, кредиттер бойынша операциялар, жеке және заңды тұлғалардың ақша аударымдары, сонымен қатар төлем карточкалары бойынша операциялар қалыпты режимде жүргізілетін болады.

БАҚ үшін байланыс:

тел. +7(727) 312 24 26, 312 43 22, 312 28 47
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz