Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Акционерлер жалпы жиналысының нәтижелері туралы

26.01.2012

2012 жылғы 26 қаңтар, Алматы қ. – «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) бүгін Алматыда өткен Акционерлер жалпы жиналысының (әрі қарай – «АЖЖ») нәтижелері, сонымен қатар Банктің қаржылық берешегінің бір бөлігін қайта құрылымдаумен байланысты мәселелердің барысы туралы хабарлайды.

Банк АЖЖ күн тәртібіне шығарылған мәселелер бойынша шешім қабылданбағанын мәлімдейді. Банктің негізгі акционері «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» 2010 жылғы қайта құрылымдау барысында қабылданған міндеттемелерге сәйкес АЖЖ шығарылған шешімдерге тек мына жағдайда дауыс беретінін атап көрсетті, яғни осы шешімдерді жиналыста дауыс берген Банктің GDR ұстаушыларының кем дегенде үштен екісі қолдаулары тиіс. Алайда, бұл көрсеткішке қол жеткізілмеді.

Банктің пікірі бойынша, АЖЖ дауыс беру нәтижелеріне жиналысқа орналастырылған GDR жалпы көлемінің тек 17,97% немесе Банктің шығарылған жай акцияларының жалпы көлемінің тек 2,7% ұстаушылар ғана қатысуы әсер етті. Осыған орай, Банк АЖЖ нәтижелері барлық GDR ұстаушылардың пікірін толық дәрежеде бейнелемейді деп есептейді.

АЖЖ бұндай дауыс нәтижелері қайта құрылымдауға қол жеткізу үшін тосқауыл болып табылмайды және Банк мақсатына жету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды жалғастырады.

Банк Лондонда өткізілген бірқатар кездесулердің барысында Кредиторлардың Комитетін құру мәселесінде айтарлықтай ілгерілеу бар екенін хабарлайды. Банк таяу арада Кредиторлар комитетінің құрылғаны туралы жариялайтынына және оның мүшелерінің тізімін хабарлайтынына үміттенеді. Одан кейін ол Кредиторлардың комитетімен Банкті қайта құрылымдау шарттарын талқылауға көшеді. Банк Кредиторлардың комитеті әр түрлі кластағы кредиторлардың мүдделерін тиісті түрде танытуын қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерін салады. Банк ол үшін, сонымен қатар оның барлық мүдделі тұлғалары үшін әділетті болатын және Банктің қалыпты қызмет етуін қамтамасыз ететін қайта құрылымдауға қол жеткізу үшін Кредиторлардың комитетімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеуге ниетті.

Банк Кредиторлардың комитетімен қайта құрылымдау шарттарымен келіскеннен кейін, Акционерлердің Жалпы жиналысында бекіту үшін қайта құрылымдаудың келісілген жоспарын ұсынады.

Акционерлердің келесі Жалпы жиналысында кредиторлардың мүдделерін танытатын директорларды қосқанда, Директорлар кеңесінің жаңа мүшелерін тағайындау жоспарланған.

«Банк Кредиторлардың Комитетін құру және оның жұмысы Банк және кредиторлар арасындағы келіссөз процесіне оң ықпал ететініне және осы келіссөздер барысында тараптар ымыралы келісімге келе алатынына үміт артады», - деп атап өтті Банктің Директорлар кеңесінің Төрағасы Әнуар Сайденов.

Өз кезегінде Банк Басқармасы Төрағасының м.а. Асхат Бейсенбаев Банк және оның кредиторлары арасындағы келіссөз процесінің жалғасуына қарамастан, Банк клиенттерге қызмет көрсету бойынша тұрақты жұмысын жалғастырып жатқандығын баса айттын: «Банктің ағымдағы операциялық қызметі қалыпты режимде жүзеге асып жатыр. Клиенттер банктік қызметтердің барлық кешенін алуда – кредиттік, депозиттік, аударым операциялары, есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету және басқа да банктік операциялар».

БАҚ үшін байланыс:

тел. +7(727) 312 24 26, 312 43 22, 312 28 47
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz