Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

"Faster" желісі кеңеюде

02.02.2012

«Faster» ақша аударымдары жүйесі шетелдегі қызмет көрсету орындары желісінің кеңейтілгендігі жөнінде хабарлайды. Атап айтқанда, Түркиядағы қызмет көрсету желісі 376 орынға дейін ұлғайтылды. Аталмыш қызмет көрсету орындары Стамбул, Анкара, Анталья, Адана, Бурса, Ван, Измир, Конья және тағы басқа жерлерде орналасқан. Қазіргі таңда Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Дубай, Абу Даби, Аль Айн және Шарджа қалаларында 33 қызмет көрсету орны әрекет етеді.

2006 жылы БТА Банкі қазақстандық коммерциялық банктердің алғашқыларының бірі болып банктік шотты ашусыз, жедел ақша аударымдарының өзіндік жүйесін іске қосты. Бүгінде жедел ақша аударымын бүкіл Қазақстан бойынша БТА Банкінің 222 бөлімшесінде жүзеге асыруға болады.

«Faster» бөлімшелерінің анықтамалығын Банктің www.bta.kz/ru/personal/transfers/faster сайтынан немесе БТА Банкінің кез келген бөлімшесінен табуға болады.

«Faster» жедел ақша аударымдары – бұл туған-туыстарың мен жақындарыңа Қазақстаннан ақша жөнелтудің жылдам әрі оңай әдісі!

«Faster- сен бар жерде!»