Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«Барлық таныстарыма БТА Банкінде депозит ашуға кеңес беремін!»

02.02.2012

«Формула Успеха» депозитінің 10 жылдығына орайластырылған бас жүлделер ұтысының жеңімпаздары анықталды! Жолы болғыштардың арасынан табылған Батыс Қазақстан филиалының салымшысы Ерлан Кажимов 150 мың теңгені қайда жұмсайтынын әлі шешкен жоқ, алайда бір нәрсеге сенімді – ақшаны тек БТА Банкінде сақтау қажет. Таныстарына да дәл осындай кеңес береді.

БТА Банкінің салымшылары барлық тұрғыдан дұрыс таңдау жасағандарына тағы да бір рет көз жеткізді. Өйткені, 15 қазанда «Формула Успеха» және «Пенсионный» депозиттерінің жүздеген иегерлерінің айы оңынан туды. Аса танымал «Формула Успеха» депозитінің 10 жылдығына орайластырылған ақшалай жүлделер ұтысының аясында олар 10 мың теңгеге қол жеткізді. Ал банктің он клиентіне нағыз бақыт құсы қонды, өйткені олар басты жүлде – 150 мың теңгені ұтып алды!

Жүлделер ұтысының жеңімпаздарын анықтау процесін банктің бүкіл 22 филиалының салымшылары бейнетехника арқылы бақылай алды. Салымшылар трансляция арқылы арнайы комиссияның жұмысын мұқият бақылап, эмоцияларын ашық білдіре алды. Жеңімпаздар – бас жүлденің иелері өздерінің толғаныстарымен бөлісіп, табысқа қалай қол жеткізгендерін әңгімелеп берді.

- Бұл менің алғашқы салмақты ұтысым, - деп, Өскемен университетінің оқытушысы Константин Гуляев өзінің қуанышын жасыра алмады. – Сыйлық алған әрине жақсы, бұл Жаңа жыл қарсаңындағы ең тамаша сыйлық болды! Мен «Формула Успеха» депозитін болашақта қаражат жинақтау мақсатында ашқан едім, осы депозитті таңдаған себебім – сіздің кеңесшілеріңіз салымшылар арасында тоқсан сайын бағалы сыйлықтар ұтысы өткізілетінін айтқан еді. Мен барлық салымшыларға Сіздермен ынтымақтастық орнатуға кеңес беремін.

Күткеніміздей, ұтыс жүлдегерлері жолы болғыш қана емес, алды-артын ойлайтын азаматтар болып шықты.

- Депозитті менің қызым ашқан еді, ол сессиясын сәтті аяқтағаннан кейін оған берілген ақшаны депозитке салуды ұйғарды. Ұтқан ақшаны қалай жұмсаймыз дейсіз бе? Жартысына жаңа заттар, киімдер сатып алармыз, ал қалған жартысын – дәл сол депозитке саламыз, - деп Ақтөбелік Жанара Есеналина өз ойымен бөлісті. – БТА Банкінің басқа өнімдеріне келсек, мен ақша аударымдарын пайдаланамын, кассалары арқылы коммуналдық қызметтерді төлеймін, өйткені сіздердің комиссияларыңыз төмен.

Ал, кейбір жеңімпаздарға депозитке ақша салуға достары мен таныстары кеңес беріпті.

- Мен «Формула Успеха» депозитін оның танымалдылығы үшін таңдадым, менің көп таныстарым ақшаларын осы депозитте сақтайды, сондықтан мен өзімнің жинақтарымды БТА Банкіндегі шотқа салуға бел будым, - деді Шығыс Қазақстандық Слямхан Нұрбақыт. – Ал, ұтыс – бұл Жаңа жыл қарсаңындағы ең керемет сыйлық! Айтпақшы, менің қызым жуырда Мәскеуге оқуға кетеді, осы ақшаның оған көмегі боларына күмәнім жоқ.

Аса білімқұмар клиенттер тек таныстарынан сұрастырып қойған жоқ, сонымен қатар депозиттің тиімділігін өздері жеке банктік қызметтер нарығындағы дәл сондай қызметтермен салыстырып көрді.

- Мен «Формула Успеха» депозитін ғана пайдаланамын, Қазақстандағы барлық банктерді аралап көрдім – БТА-ның шарттары ғана аса қолайлы болып шықты. Мен тағдырға, сәттілікке сенемін, алайда депозитті ашу кезінде ұтыс туралы ойламаппын, - деп ағынан жарылды Теміртаулық менеджер Вадим Бутузов. – Енді жұбайыма тон сатып аламын. Барлықтарыңызға ақшаны «Формула Успеха» депозитінде сақтауға кеңес беремін.

Жеңімпаздардың жауаптарынан көріп тұрғанымыздай, табыс оны күтетін, оған сенім артатындарды емес, өз болашағын жоспарлы әрі жауапты құратындарды ұнатады – «Формула Успеха» дегеніміз де осы.

Егер Сізді «Формула Успеха» және «Пенсионный» депозиттері қызықтырса, олардың шарттары туралы толық ақпаратты БТА Банкінің Байланыс орталығының келесі телефондары арқылы алуға болады:

  • +7 (727) 250 01 11, 250 02 22 – Алматы қаласының тұрғындары үшін
  • 8 8000 800 111 – бүкіл Қазақстан бойынша қала телефондарынан қоңырау шалуға арналған тегін нөмір
  • 7111 – ҚР барлық мобильді байланыс операторларының абоненттеріне арналған тегін нөмір.

«Формула Успеха» және «Пенсионный» депозиттері туралы толық ақпаратты банктің ресми сайтынан да табуға болады – www.bta.kz.