Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Алматы филиалы «Формула успеха» депозитінің салымшысын марапаттады

06.02.2012

2 ақпанда Алматы филиалында «Формула успеха» және «Пенсионный» депозиттерінің салымшылары және клиенттер арасында 2011 жылғы 15 қазанда ойнатылған негізгі сыйлықты табыс ету салтанаты өтті.

Алматы филиалында 1993 жылдан бері және осы күнге дейін банктің сенімді клиенті, «Формула успеха» депозитінің салымшысы Али Давлат жеңімпаз атанды. Клиентке сертификатты Алматы филиалының Директоры Гульмира Абильдинова табыс етті, өз кезегінде, ол клиентке БТА Банкіне білдірген сенімі және ұзақ уақыттан бері ынтымақтастығы үшін құрметін жеткізіп, алғысын білдірді.

Клиент өз сұхбатында, жеңімпаз атанғанын естігенде, таң қалғанын жеткізді. Осы жағдай оның банкке деген сенімін арттырды және одан әрі БТА-ның клиенті болып қалуға шешім қабылдады.