Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«Faster» жүйесінің Қырғызстандағы жаңа серіктесі

22.02.2012

Қырғызстандық «Залкар Банк» ағымдағы жылдың 20 ақпанынан бастап «Faster» жедел ақша аударымдары жүйесі бойынша клиенттерге қызмет көрсетуді бастады. Қазіргі таңда осы қызмет келесі қалалар мен елді мекендерде орналасқан «Залкар Банкінің» 55 бөлімшесінде көрсетіледі: Бішкек, Ананьево, Айдаркен, Алабука, Ат-Баши, Балыкчи, Баткен, Беловодское, Боконбаево, Шолпон-Ата, Чаек, Исфана, Кант, Карасуу, Кара-Балта, Каракол, Каракуль, Кудамжай, Кербен, Кемин, Кочкор-Ата, Кочкор, Кок-Жар, Кызыл-Кия, Кызыл-Адыр, Майлуу-Суу, Нарын, Ош, Пульгон, Тюп, Таш-Кумыр, Талас, Токтогул, Токмок, Узген, Халмион, Шопоков, Шамалдысай.

Ақша аударымдарының валютасы – АҚШ доллары, еуро, Ресей рублі, сондай-ақ қазақстандық теңге. Қазіргі күнде Қырғызстанда «Faster» жедел ақша аударымдары жүйесі бойынша 6 банк жұмыс істейді: «БТА Банкі» ЖАҚ, «Айыл Банк» ААҚ, «Банк Азия» ЖАҚ, «Финанс Кредит Банк» ААҚ КАБ, «Коммерческий банк Кыргызстан» ААҚ, «Залкар Банк» ЖАҚ. Аударымды осы банктердің 338 бөлімшесінде алуға немесе жіберуге болады.

2006 жылы БТА Банкі алғашқы болып «Faster» банктік шотын ашпай жүргізілетін өзінің жедел ақша аударымдары жүйесін іске қосты. Бүгінгі таңда бүкіл Қазақстан бойынша БТА Банкінің 222 бөлімшесінде шетелге ақша жіберуге немесе алуға болады.

Бөлімшелердің анықтамалығын банктің сайтынан: http://www.bta.kz/ru/personal/transfers/faster/ және БТА Банкінің бөлімшелерінен көре аласыз.

«Faster» жүйесі – жеке тұлғалар арасында банктік шот ашпай жүргізілетін халықаралық жедел ақша аударымдарының алғашқы қазақстандық жүйесі.

«Faster» жедел ақша аударымдары – жылдам әрі оңай