Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ штаттық және ұйымдастыру құрылымын оңтайландыру туралы

01.03.2012

АЛМАТЫ, 1-наурыз - «БТА Банкі» АҚ Банктің штаттық және ұйымдастыру құрылымын оңтайландыру бағдарламасын іске асыруға кірісті.

Бағдарламаның ақырғы мақсаты Банк бизнесінің тиімділігін арттыру болып табылады, әртүрлі бөлімшелердегі қайталамалы функцияларды жою және ағымдағы қызметкерлердің штаттық санын экономикалық жағдайдың талаптарына сәйкестендіру арқылы оның кірістілігін арттыру болып табылады. Бағдарлама бірыңғай функцияларды орталықтандыру және әмбебаптандыру есебінен ішкі бизнес-процестерді оңтайландыруға бағытталған, бұл өз кезегінде Банкте шешімдердің қабылдау тұтастығын арттырады.

Осы жобаны іске асыру Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың және «Самұрық-Қазына» Ұлттық-әл-аухат қоры» АҚ Басқарма Төрағасы Ө.Е.Шүкеевтің мемлекеттің қатысуымен компаниялардағы шығындарды оңтайландыру қажеттілігі жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылуда.

«БТА Банкі бизнестің әлеуметтік жауапкершілік қағидаларын сақтай отырып, Банктің штаттық және ұйымдастыру құрылымын оңтайландыруға байланысты барлық процедураларды қолданыстағы заңнамаға және Банктің нормативтік құжаттарына сәйкес жүргізіп жатқандығын атап өткім келеді», - дейді Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы Асхат Бейсенбаев.

Оңтайландыру бағдарламасын іске асыру есебінен Банк қызметкерлерінің жалпы штаттық саны 25% қысқарды. Қызметкерлердің штаттық санын қысқарту және Банктің ұйымдастыру құрылымын қайта қалыптастыру нәтижесінде еңбек ақы төлеу қоры да сәйкесінше 25% қысқарады.

Бағдарлама аясында перспективтілігі төмен сату орындарын жабумен филиалдар желісі мен бөлімшелер жұмыстарының тиімділігін толығымен талдау жоспарланған, бұл Банк үшін экономикалық оң нәтиже бермек. Қазіргі уақытта, жалпы тиімділігі төмен сату орындарының 12% анықталды, олардың мүмкін оңтайландыру мәселесі қаралып жатыр.

«Оңтайландыру бағдарламасын әзірлеумен Банктің тәжірибелі топ-менеджерлерінен арнайы құралған жұмыс тобы айналысты, олар қаржылық институтты одан әрі дамыту стратегиясын және оның жетілдірілген бизнес-моделін ескеріп, осы жұмыстарды жүргізді» - деп атап өтті Бейсенбаев мырза.

Банк, оңтайландыру бағдарламасын сәтті іске асыру жаңартылған бизнес-моделінің жұмысына ауысуын жоспарлайтын қаржы институтының сауықтыру стратегиясының маңызды элементі болады деп есептейді.

Сондай-ақ, Банк республиканың банктік жүйесінің көшбасшы орнына БТА Банкінің қайта оралуына мүдделі кредиторлармен оңтайлы қабылданады деп болжайды.

БАҚ арналған байланыстар:

тел. +7(727) 266 43 22, 312 28 47
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz