Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«Автооплата» – БТА Банкі мен Kcell компаниясының жаңа қызметі

01.03.2012

БТА Банкі және Kcell компаниясы отандық нарық үшін бірегей «Автотөлем» қызметін әзірлеп, іске қосты!

Ыңғайлы!

Телефон балансын автоматты толықтыру! !

Тиімді!

Комиссиясыз!

Сізге төлем терминалдарын іздеу, минуттарды санап, телефоныңыздағы ақшаның ең жайсыз сәтте бітіп қалуын күту қажет емес.

«Автотөлем» жаңа қызметі – бұл Сіздің ұялы телефоныңыздың немесе Сіздің жақындарыңыздың ұялы телефонының балансын автоматты толықтыру.

Барлығы ыңғайлы әрі жеңіл: телефоныңыздағы баланс 100 теңгеге тең болғанда немесе осы сомадан азайған жағдайда, «Автотөлем» қызметі Сіздің төлем карточкаңыздан оператордың шотына лезде ақша аударып, балансыңызды толықтырады.

Ыңғайлы:

  • Балансты лезде автоматты толықтыру Сізге әрқашан байланыста болуыңызға мүмкіндік
  • Терминалды іздеуге немесе төлем картасын сатып алуға уақытты жұмсау қажеттілігі туындамайды.
  • Бір банктік шоттан бірнеше нөмірлердің баланстарын толықтыру мүмкіндігі (мысалы, Сіздің жақындарыңыздың)

Тиімді:

  • Тегін қосылу
  • Комиссиясыз
  • Қосылу кезінде 100 бонустық минут беріледі*

Қызметке кім қосыла алады?

Нөмірі жеке тұлғаға ресімделген және БТА Банкінің төлем карточкасының ұстаушысы болып табылатын Kcell, Activ, Vegaline абоненттері.

Қызметті қосу

Қызметке қосылу үшін Сіз БТА Банкінің кез келген бөлімшесіне келіп, тиісті өтінішке қол қоюыңыз қажет

Сіздің телефоныңыздың шоты толықтырылатын соманы белгілеу керек

Өтінішті бергеннен кейін Сіздің нөміріңізге автоматты түрде жіберілетін қызметке қосылуды растайтын СМС хабарламаға жауап беру қажет.

Қызметті өшіру

Қызметті БТА Банкінің кез келген бөлімшесінде өшіруге болады.

Қызметтің құны:

Қызмет тегін ұсынылады.
Банк тарапынан төлем үшін комиссия алынбайды.

*Бонустық минуттар Қазақстан ішінде кез келген бағытта қоңырау шалу кезінде жарамды.

* Бонустық минуттардың қолданылу мерзімі – «Автотөлем» қызметіне қосылған сәттен бастап 30 күн

*Бонустық минуттар роуминг ішінде жарамайды.