Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

17 наурызда «Формула Успеха», «Юбилейный» және «Пенсионный» депозиттерінің салымшылары арасында кезекті ақшалай сыйлықтар ұтысы өтеді!

13.03.2012

Құрметті салымшылар!

Қуанышты хабармен бөлісуге асықпыз: 17 наурызда «Формула Успеха», «Юбилейный» және «Пенсионный» депозиттерінің салымшылары арасында кезекті ақшалай сыйлықтар ұтысы өтеді. Осы күні жалпы алғанда әрқайсысының номиналы 10 000 теңгені құрайтын 564 сыйлық ұтысқа түседі. Оның ішінде «Формула Успеха» және «Юбилейный» депозиттері бойынша 379 сыйлық, ал «Пенсионный» депозиті бойынша 185 сыйлық ойнатылады.

Қатысу шарттары

1. Бұл ұтысқа БТА Банкінде «Формула Успеха», «Юбилейный» және/немесе «Пенсионный» депозитін орналастырған жеке тұлғалар қатысады әрі олар келесі шарттарға жауап беруі тиіс:

  1. салым сомасы:
    • «Формула Успеха»/«Юбилейный» депозиті бойынша – 15 000 теңгеден немесе 100 АҚШ долларынан/еуродан астам;
    • «Пенсионный» депозиті бойынша – 3 000 теңгеден немесе 25 АҚШ долларынан/еуродан астам;
  2. салымды орналастыру мерзімі – 3 айдан кем емес;
  3. салым шарты 2012 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жарамды болуы тиіс.

2. Ұтысқа БТА Банкінің барлық 22 филиалының салымшылары қатысады.

3. Осы ұтыстың жүлде қоры 10 000 теңгеден 564 сыйлықты құрайды, соның ішінде:

  1. 379 сыйлық – «Формула Успеха»/«Юбилейный» депозиттері бойынша;
  2. 185 сыйлық – «Пенсионный» депозиті бойынша.

Ақшалай ұтысты алуға байланысты барлық салықтарды БТА Банкі өз есебінен төлейді.

4. Жеңімпаздарды компьютер сандарды кездейсоқ таңдау әдісіне негізделген «Бинго» бағдарламасының көмегімен анықтайды. Жеңімпаздарды таңдау ұтысқа қатысатын салымшы шоттарының нөмірлері арасында жүргізіледі. Салымшыда БТА Банкінде бірден артық салымы болса, ұтысқа салымның бір нөмірі ғана қатысады.

5. Жеңімпаздарды анықтау процедурасына қатысқысы келетін БТА Банкінің клиенттері мен салымшылары ұтыстың өткізілетін жері мен уақытын өз қаласындағы БТА Банкінің филиалынан біле алады.