Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Visa және БТА Банкінен ақшалай жүлделер және Лондонда өтетін Олимпиадалық ойындарға жолдама ұтып алыңыз*!

19.03.2012

Құрметті клиенттер!

2012 жылғы 15 наурыздан бастап 15 мамыр аралығында БТА Банкі Visa халықаралық төлем жүйесімен бірге «Visa-ның арқасында Лондонда өтетін 2012 жылғы Олимпиадалық ойындарға екі адамға арналған жолдама ұтып ал» акциясын өткізеді. Акция аясында Банктен ақшалай жүлделер, сонымен қатар басты жүлде – Лондонда өтетін 2012 жылғы Олимпиадалық ойындарға жолдама ұтысқа түседі.

Акция Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын 16 жасқа толған БТА Банкінің Visa/Visa Electron төлем карточкаларын ұстаушылар арасында өткізіледі әрі олар бір есептік айдың ішінде Visa жүйесінің көмегімен екі және/немесе одан артық транзакция жүргізулері тиіс. Жеңімпаздар «Бинго» бағдарламасының көмегімен анықталады.

Назар аударыңыз! Ақшалай жүлделердің бірінші ұтысында жүлде ұтқан акция қатысушысы ақшалай жүлделердің ұтысына қайта қатыса алмайды.

БТА Банкі ұсынатын акцияның жалпы ақшалай сыйлық қоры:

  • Ай сайын 20 000 теңгеден 15 жүлде
  • Ай сайын 10 000 теңгеден 35 жүлде
  • Ай сайын 5 000 теңгеден 65 жүлде

Айына жиыны: 115 ақшалай жүлде.
Барлығы ақшалай жүлделердің екі ұтысы өткізіледі.
Жиыны, акция кезеңінде: 230 ақшалай жүлде.

Сонымен қатар басты жүлде – екі адамға Олимпиадалық ойындарға жолдама ойнатылады.

Басты жүлде – 2012 жылғы Олимпиадалық ойындарға жолдама – және оны алу шарттары туралы ақпарат:

  • Жүлде ретінде алынған және (немесе) арнайы ұсыныс шарттарында қарастырылған 2012 жылғы Жазғы олимпиадалық ойындарға билеттер ұсынылған күйде қабылдануы қажет және оларға 2012 жылғы Жазғы олимпиадалық ойындардың Ұйымдастыру комитетімен (ЛОК) белгіленген барлық шарттар таралады. Аталмыш шарттар билеттер туралы лицензиялық келісімде мазмұндалған (оның мәтіні www.tickets.london2012.com/purchaseterms.htm мекенжайы бойынша сайтта және ұсынылатын билеттердің екінші жағында берілген және билеттерді коммерциялық жарнамалық акцияларға немесе конкурстарға байланысты (ЛОК келісімінсіз) пайдалануға және билеттерді онда көрсетілген номиналды бағасынан артық бағаға рұқсатсыз сатуға қатысты тыйым салу ережелері көрсетілген). Билеттерді жүлде ретінде және (немесе) жарнамалық акция аясында алу дерегі билет алушының барлық қолданыстағы шарттармен келіскендігін білдіреді.
  • Олимпиядалық пакетті алушылар және олармен еріп жүрушілер 16 жасқа толған азаматтар болуы тиіс.
  • Олимпиядалық пакетті алушылар қонақ үй нөмірлерінде басқа тұлғалармен бірге тұруға дайын болуы тиіс, өйткені пакеттерде екі орынды бөлмелерде тұру қарастырылған.

Басты жүлде – «Лондондағы 2012 жылғы Жазғы Олимпиадалық ойындар» пакетінің (жолдамасының) сипаттамасы (Visa ұсынған)

2 адамға арналған Лондонда 4 күн/3 түн бағдарламасы

Әрекет ету мерзімі: 2012 жылғы 4 тамыздан бастап 2012 жылғы 7 тамызға дейін (бастапқы және соңғы күндерді қосқанда).

Жолдамада не қарастырылған:

  • 2 адамға Лондонға барып-қайту үшін әуе билеті
  • Лондон Хитроу немесе Лондон Гатвик әуежайына келгенде қарсы алу; поезбен немесе автомобильмен отельге дейін апарып салу
  • «Төрт жұлдызды» Hilton London Metropole Hotel класындағы қонақ үйдің екі бөлмелі нөмірінде тұру (тек бөлме мен салықтар)
  • Күнделікті таңертеңгі ас (кесте бойынша топтық таңғы ас кезінде ғана)
  • Бір адамға 200 фунт стерлингті құрайтын лимитпен олимпиадалық нышаны бар бір Visa картасы
  • Ашылу рәсіміне арналған билетті қосқанда, таңдаған олимпиадалық шараларға қатысу
  • Қоғамдық көлікпен шаралар өткізілетін жерге дейінгі жол ақысы
  • Қарастырылған аялдамаларда түсу және қайта міну құқығымен экскурсиялық автобуста Лондонды жеке аралау және Attraction Pass туристік абонементі
  • Олимпиадалық нышаны бар Visa тауарлары
  • Шаралар кезінде анықтамалық-ақпараттық қолдау және көмек көрсету

Барлық қарастырылған қызметтер мен тауарлар сөз етілген уақыт кезеңі ішінде ғана ұсынылады. Жолдаманы айырбастауға немесе өзгертуге, сонымен қатар сөз етілген уақыт кезеңінен тыс пайдалануға рұқсат етілмейді.

Жолдамаға кірмейтін жағдайлар:

  • Шараларға жеке көлік ұсыну
  • Бағдарлама кестесінен тыс тамақтану, кестеге кірмейтін шаралар және/немесе іс-әрекеттер
  • Кестеге сәйкес келмейтін тамақтану және көлік
  • Туристік виза (визаны ресімдеу жеңімпаздың өзіне жүктеледі)
  • Жергілікті елшілікпен байланыс орнату (қонақтар елге кірген кезде талаптар туралы толық мағлұмат алу үшін жергілікті елшілікпен дербес байланыс орнатады)
  • Сапар кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыру
  • Отельде тұру кезінде жанама шығындар (қалааралық және халықаралық сөйлесулер, шағын барды пайдалану, кір жуу орындарының қызметі және т.б.)
  • Пакеттерді немесе олардың қосалқы қызметтерін алуға байланысты жеке тұлғалардан алынатын салықтар

Visa компаниясы Пакет сипаттамасына өзгерістер енгізуге құқылы.

* ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің №242 Лицензиясы